Есепте есті сөздер айтылды
Аудан әкімі Нұржан Ахатовтың тоқсандық есеп беру кездесуі сәрсенбі күні Жаңатұрмыс, Иіркөл, Бәйтерек ауылдық округтерінде жалғасып, бейсенбіде кент орталығында қорытындыланды.
Жаңатұрмыс ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары жер дауы мен ауылға жеке дәрігер бөлу жөнінде ұсыныстарын айтты. Алғашқысы, бір жылдан бері «Байсын» шаруа қожалығынан өз жерлерін алып, егін екпекке ниетті 93 жер үлескеріне қатысты шыққан дауы. Екінші мәселе, тұрғындар ауылға медицина мамандары қажеттігін айтты. Аудан әкімі тұрғындарға жер мәселесі бойынша дауласқаннан пайда жоқ екендігін айтып, оның орнына қос тарап келісімге келіп, жерді теңдей бөлу керектігін сөз етті. Ал екінші мәселеге қатысты ауыл әкімі Балдәурен Шәкіртаев жауап қатты:

«Жаңатұрмыс ауылдында халық санының 1500 адамға жетпеуіне байланысты ауылға жеке дәрігер бөлінбей тұр. Дегенмен ауданаралық аурухананың басшысы Нұрлан Әмірмен келісім жасалды. Алдағы уақытта «Береке» мөлтек ауданы мен Жаңатұрмыс ауылына жеке дәрігер бөлінетін болады».
Ал ауылдағы биыл шешімін табатын мәселелер қатарына 2 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және 1 дана трансформатор орнату секілді бастамаларды айтуға болады.
Бүгінде Байсын ауылы толық көгілдір отынның игілігін көріп отырған елді мекендердің бірі. Өткен жылы ауылға 35 млн 121 мың теңге бөлінсе, биылғы жылы 965 млн 809 мың теңге бөлінген. Тіпті облыс әкімінің қолдауымен жаңатұрмыстықтар жылдар бойы күткен 250 орындық мектеп құрылысы жүруде.
Иіркөлдіктер мал жаятын жер таппай жүр
Келесі кездесу Иіркөл ауылдық округі, Ыбырай Жақаев ауылында жалғасты. Тұрғындар аудан әкіміне Жансейіт ауылы жанындағы қашыртқыларды қазып, тазалау жұмыстарын жүргізу, интернет байланысының төмендігі мен жайылымдық жер мәселелерін көтерді. Аудан әкімі интернет мәселесіне байланысты тиісті оператормен келісім жасалып жатқандығын, жуырда байланыс антеннасы құрылатынын айтса, мал жайылымы мәселесіне жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Меңлібеков жауап берді. Оның айтуынша ауылдық округте 1049 бас ірі қара, 279 бас жылқы малы бар. Норматив бойынша қажетті жер көлемі 15 мың гектар, ал бізде 900 гектар ғана жер бар. Басқа жердің барлығы егістік. Сол шаруашылықтармен меморандумға отырдық.

Қазан, сәуір айларында жерлерін мал жайылымы үшін арнайы уақытша ашып беруге уәде берді, – деді Ерлан Меңлібеков.
Жалпы алғанда биыл Иіркөл ауылдық округіне бюджеттен 56 млн 944 мың теңге бөлініп отыр. Бұл қаражаттар №149 орта мектебінің бу қазандығын қайта жабдықтап, газға ауыстыру жұмыстарына, Жансейіт елді мекенінен 2 көшені орташа жөндеуге, ауылдық округ тұрғындарын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 1 дана трансформатор алуға жұмсалмақ.
Шаруашылық төрағасы ауыл азаматы болса
Жақаев ауылындағы жүздесуден кейін аудан әкімінің ауылдардағы кездесуі Бәйтерек ауылдық округінде қорытындыланды. Кездесуде аудан басшысы өткен жылы Бәйтерек ауылдық округіне 78 млн 661 мың теңге бөлінсе, биыл 258 млн 164 мың теңге қаржы қаралғандығын сөз етті. Бұл қаржыға ауылға кіре беріс көпірдің жаңадан салынып жатқан құрылысы, 3 көшеге орташа жөндеу және 6 көшеге жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде деді. Мұнан бөлек «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында №148 мектептің қазандығын газды отынға ауыстыра отырып реконструкциялауға 34 млн 204 мың теңге, 1 дана трансформатор алуға 2 млн 700 мың теңге бөлінгендігін тілге тиек етті.

– Қосымша елді мекендегі халық санының көп болуына байланысты балалар ойын алаңы мен ашық спорт алаңын салуға 13 млн теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды. Сонымен қатар, «Бидайкөл» шаруа қожалығы демеушілігімен 600 шаршы метрге баларлар ойын алаңын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал Ақтам ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтуде, – дейді Н.Ахатов.
Ауыл тұрғындары өз кезегінде әкімдік ғимаратын салып беру, спорт кешенінің құрылысын салу, ауылға төлқұжат орнату, жаңадан қоныстанған көшелердің электр энергиясының қуатын арттыру секілді бірқатар ұсыныстар айтты. Жиында көтерілген басты мәселе ауылдағы шаруашылыққа қатысты болды. Дәлірек айтқанда тұрғындар «шаруашылық төрағасы ауыл тұрғыны болса, елдің жайын көзбен көріп түйіткілді мәселелерді шешуге бірге атсалысса» дейді. Мәселені мұқият тыңдаған аудан басшысы шаруашылыққа төрағалық етіп отырған азаматпен сөйлесіп, төраға ретінде ауыл азаматын қоюға ұсыныс жасауға уәде берді. Дегенмен «өз араларыңыздан шаруашылыққа егелік етемін деген адам шығуы тиіс» деді.
Кенттің келбеті көркемделіп келеді
Аудан әкімінің есепті кездесуі 24 тамыз күні кент орталығында өткен 2 кездесумен тәмамдалды. Алғашқы кездесу Ы.Алтынсарин атындағы №219 мектеп-лицейінде, екінші кездесу Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өтті. Кездесуге кент тұрғындары, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Исмаил, мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Халықты толғандыратын мәселелердің басым бөлігі жол жөндеу, көшелердің түнгі жарығын жүргізу, жаяу жүргінші жолын салу, қоғамдық көлік және тазалыққа қатысты айтылды.

Кент тұрғындары ішінен қоғам белсендісі Шохан Жүсіпов сөз алып, бірқатар мәселелерді аудан әкімінің назарына ұсынды. Ол көтерген алғашқы мәселе Қ.Әбдіқадыров пен С.Мұқанов көшелерінің тұсынан жасанды жол кедергісін орнату. Себебі бұл маңда бір оқу жылының өзінде 2 оқушы жол көлік оқиғасына ұшыраған екен. Келесі мәселе жол сапасына қатысты. Ш.Жүсіповтың айтуынша Б.Пәрімбетов көшесіне былтыр ғана салынған асфальт биылғы жылы адам шошырлықтай күйге түскен. «Сондай-ақ 2020 жылы Ш.Бәкіров көшесіне төселген асфальттың да сапасы нашар. Қалыңдығы бар болғаны 3 см», – дейді кент тұрғыны. Аудан әкімі бұл мәселенің орынды екендігін айтып, асфальт төсеген мекеме өкіліне ескерту жасады. Сондай-ақ кепілдік мерзімі бітпеген жолдарды қайта жөндеуден өткіздуі тапсырды.
Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде
Кездесуде айтылған басты мәселелердің бірі – кент тазалығы болып тұр. Бұл мәселеде кент тұрғындары аудан әкімінің тазалыққа қатысты істеп жатқан жұмыстарын толықтай қолдайтынын, қажет болса бірге қатысуға ниетті екендіктерін айтты. Сондай-ақ ақсақалдар «әрбір көшеден тазалыққа жауапты, сөзі өтімді адамды бекітіп, тұрғындардың өз аулаларын таза ұстауын осылай қадағалау қажет» деді. Ал аудан әкімі болса, кент тазалығына ерекше көңіл бөлетіндігін, қажет болса, бейнекамералардың көмегімен кент көшелерін ластаған азаматтарды анықтап, айыппұл төлетуге де ниетті екендігін жеткізді. Аталған ұсынысты тұрғындар бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, биылғы жылы кенттің тазалық жұмыстарына бюджеттен 65 млн теңге қаржы бөлінген болса, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына 105 млн теңге, кент көшелерінің түнгі жарық бағаналарын орнатуға 67 млн 863 мың теңге қаржы бөлінген. Дегенмен әрбір аудан тұрғыны тазалықты өзінен бастамаса бөлінген миллиондаған қаражат желге ұшқандай болары сөзсіз. Сондықтан барша аудан тұрғындарын тазалыққа, тәртіпке шақырамыз.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ