ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Сәрсенбіде аудандық ардагерлер үйінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Келелі жиынға аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық аурухананың бас дәрігері Н.Әмір, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Әмзеев, СЭББ басшысы Г.Айтекеева, №181 орта мектеп директоры С.Бакирова қатысты.
Отырыс барысында қоғамдық тамақтандыру орындарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, «Балалар жылында» атқарылып жатқан іс-шаралар мен аудандағы №181 білім ошағына Жағыпбар Зермұхамедовтың есімін беру жөніндегі мәселелер талқыланды.
Отырыс барысында қоғамдық тамақтандыру орындарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, «Балалар жылында» атқарылып жатқан іс-шаралар мен аудандағы №181 білім ошағына Жағыпбар Зермұхамедовтың есімін беру жөніндегі мәселелер талқыланды.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Әмір өз сөзінде «Аудан халқын міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту қарқынды жүрзілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айында сақтандырылмағандардың саны – 11 978, ал шілде айындағы саны – 11 770. Ауданаралық емханаға тіркелгендер саны – 78 750. Демек, аудан халқының 85,1 процентінің сақтандыру мәртебесі бар деп айта аламыз» деді. Айта кету керек, азаматтарды МӘМС жүйесі жайлы сұрақтар мен өзекті мәселелер толғандыруына байланысты «Құпия сатып алушы» бағдарламасы бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген.
Биыл «Балалар жылы» екені әмбеге аян. Осыған орай аудандық білім бөлімі 8 бағыт бойынша түрлі шараларды қолға алған. Айталық, айтулы жылға орай аз қамтылған осал топтағы отбасы балаларын қолдау бағытында «Мейірімділік керуені» жобасы аясында 1700 балаға демалыс күндері аудандық музей мен театрландырылған қойылымдарға тегін кіру қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп парламенті», «Дебаттық клуб», «Мектеп театры» жобалары сәтті жүзеге асуда.
– «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 37 мектеп кітапханаларында «COWORKING» орталықтары, 3 бастауыш мектепте бұрыштар ашылып, 5780 оқырман тартылды. Бүгінде 37 білім ошақтарында «Мектеп парламенті» толық құрылып, 8 фракция бойынша құрамдары жасақталды. Яғни 296 оқушы сайланып, белсенді сынып оқушыларымен бірігіп мектеп өміріне оң жағдай жасалуына үлестерін қосып, фракциялар арқылы жұмыс атқарылуда. «Мектеп театры» жобасының мақсаты – балаларға сахна мәдениетін сіңіртіп, актерлік шеберліктерін дамыту. Ауданда 62 клуб болса, оған осы жоба аясында 817 бала тартылған», – деді Қанат Әмзеев.
Өздеріңіз оқып отырғандай, «Балалар жылында» қолға алынған ілкімді істер жетерлік. Олардың қатарына: «Отбасы – қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «Bala QORGAY», «Балаларға қызмет», «BALA_TIME.KZ-ті» қоссаңыз болады.
Келелі отырыста мәселелер қоғамдық тамақтандыру орындарының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі жөнінде сөз қозғалды. СЭББ басшысы Г.Айтекееваның айтуынша, аудан көлеміндегі эпидемиялық мәні жоғары барлық қоғамдық тамақтану объектілерінен санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынған. Нәтижесінде тағамнан улану жағдайлары және арыз-шағымдар болмаған.
Келелі отырыста қаралған төртінші мәселенің бірі – №181 орта мектепке ауданның белгілі азаматы, ардагер-ұстаз Жағыпбар Зермұхамедовтың есімін беру қаралып, кеңінен талқыланды.
Айта кету керек, кеңес отырысынан бұрын «Қоғамдық кеңес мүшелерінің қоғамдағы рөлі мен қызметінің тиімділігін арттыру» бойынша қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған көшпелі оқыту семинары өтті. Отырысты «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Ақпараттық талдау» департаментінің директоры Нұрхан Жалиев ашып, жүргізді.
С.МАДИЯРОВА