АСҚАҚТА, ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДА!
Сәрсенбі күні Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда «6 шілде – Елорда күніне» орай «Асқақта, еңселі Елорда!» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты кешке аудан әкімі Нариман Әскербекұлы мен аудан ардагерлері және тұрғындар қатысты. Шараны ашып беру құрметіне ие болған аудан әкімі былай деді:
Салтанатты кешке аудан әкімі Нариман Әскербекұлы мен аудан ардагерлері және тұрғындар қатысты. Шараны ашып беру құрметіне ие болған аудан әкімі былай деді:
– Жас та болса, бас болған ару қаламыздың қарыштап дамып, көркеюіне әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар деп есептеймін. Алдағы уақытта да береке-бірлігіміз бен қажырлы еңбегіміздің арқасында биік мақсаттар мен жоспарлы жұмыстарды абыроймен бағындыратындығымызға сенемін. Қуанышқа толы мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін. Сәулеті мен дәулеті жарасқан, ұлттың ұлы тұғырына айналған бағаналы бақ ордамыздың, еңселі елордамыздың мәртебесі арта берсін.
Мұнан соң мәдениет саласының қызметкерлері патриоттық әндерден шашу шашып, бишілер мұң бұрала биледі. Мәдениет қызметкерлерінің орындауындағы қойылымдар тұрғындардың көңілінен шығып, қошеметке ие болды.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ