Мерейлі мереке – мейірімге бөлейді
Мұсылман халқының ұлық мейрамдарының бірі – Құрбан айт. Бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында, яғни Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен соң басталады. Үш күнге созылатын мереке биыл шілде айының 9-11 жұлдызына сәйкес келеді. Осы орайда ауданның бас имамы Бақыт Улжаев баспасөз орталығында брифинг өткізді.
Сөзін Алланың атымен бастаған ауданның бас имамы журналистерді мерекемен құттықтап, елдің тыныштығы үшін дұға етті. Әңгімесінің әлқиссасында құрбандық шалу, оның мағынасы, тарихының түп-тамыры туралы айтты. Сонымен қатар құрбандыққа қандай мал шалынатындығы мен тұрғындар арасында көп туындайтын сұрақтарға тоқталды. Құрбандық тек шамасы келетіндерге ғана уәжіп екенін айтып, шамасы келе тұра құрбандық шалмаудың ауыртпашылығы туралы ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін тілге тиек етті.

Ауданда құрбан айт намазы 9 шілде күні таңғы сағат 6:00-де өтеледі. Əрбір жағдайы бар əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп. Адам баласы құрбан шалу арқылы Жаратушының өзіне берген сансыз нығметтерінің шүкірін өтеп, күнәларына кешірім тілейді. Ал, әл-ауқаты төмен адамдарға құрбан шалу міндет емес. Ниеті адал, пейілі шын болса, ол да сауап екенін айтады аудандық орталық мешітінің бас имамы Бақыт Ұлжаев.
– Алланың разылығынан үміттенген жандар құрбандыққа соятын малды таңдауда өте мұқият болуы қажет. Ең алдымен, ықылас-ниет оң болуы, одан кейін сойылатын мал жарамды болуы керек. Құрбандыққа тек қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы тиіс. Алты-жеті айлық тоқты бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалған абзал, – дейді бас имам.
Осы тұста айта кету керек, ислам тарихында құрбандыққа шалынған ең алғашқы мал – жұмақтан түскен аспан түстес көк қошқар болғаны белгілі. Бірақ, әуел баста бұл күні Ибраһим пайғамбардың баласы құрбандыққа шалына жаздаған. Бірақ Алла сенімінен таймай, сынаққа шыдаған Ибраһим Пайғамбарды жарылқап, аспаннан көк қошқар түсіреді де бала Исмаилдың өмірін сақтап қалған. Міне, содан бері исі мұсылман Құрбан айтта мал бауыздап, Аллаға бір табан жақындауды ниет етіп келеді.
Құрбан айт шын мәнінде, ел-жұртты біріктіретін қасиетті мереке. Қайырымдылық пен қамқорлыққа, ынтымақ мен татулыққа үндейтінімен де аса маңызды. Мерекелік намаздан соң жамағат бірін-бірі құттықтап, жақсылык тілеп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленетінін білеміз. Бұл мейрамда жамағат тек мал союмен ғана шектелмейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып, татуласып жатады.
Ш.Тілеубаев