«AMANAT»: РЕФЕРЕНДУМҒА АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Жуырда өткен жалпыхалықтық референдумда Сыр жұртшылығы бірліктің берік үлгісін көрсетті. Дауыс беру белсенділігі бойынша біздің өңір республикада Түркістаннан кейін екінші орынға тұрақтады.
Осыған орай, «Aманат» партиясы Шиелі аудандық филиалы 24 маусым күні жиын өткізіп, референдумға атсалысқан белсенді азаматтарды марапаттады. Олардың қатарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізген бір топ штаб мүшелері мен облыстық мәслихат депутаты, партия белсенділері бар.

Иә, саяси науқанның сәтті өтуіне аудандық штаб құрамында қызмет еткен әрбір жанның еңбегі орасан. Соған сай Мемлекет басшысы мен «Аманат» партиясы төрағасының алғыс хаты табыс етілді. Іс-шараға аудан әкімі Нариман Мақұлбеков қатысып, марапат иелерін құттықтап, алғаусыз алғысын жеткізді. «Бүгінгі салтанатты марапаттауды пайдалана отырып, Тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес – конституциялық реформаны қолдауға арналған шараларға белсенді қатысқан барша партияластарымыз бен жақтастарымызға және Жаңа Қазақстан үшін таңдау жасаған баршаңызға партияның Орталық аппараты мен аудандық филиалы атынан тағы да шынайы алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз, – деді аудан әкімі.
Жоғарыда атап өткендей, республикалық референдумда сырбойылықтардың белсенділігі жоғары болды. Дауыс беру құқығына ие азаматтар референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасаған. Статистиканы сөйлетсек, Конституциядағы өзгерістер мен толықтыруларды дауыс берушілердің 78,5 процентке жуығы қолдаған.
Сұлушаш МАДИЯРОВА