САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫ МӘҢГІ ЕСТЕ
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қазақтың басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Алайда, тоталитарлық саясаттың машинасы бәрінен асып түсті. Қазір осы датаны аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі өткенін ұмытқан ұлттың болашағы да жоқ.
Мамырдың 31-і күні Шиелі аудандық Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда аудан әкімі Нариман Мақұлбеков пен аудан ақсақалдары және тұрғындардың қатысуымен, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті.

Алдымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, аудан тұрғындары құрбандардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң аудандық Оқшы ата атындағы орталық мешіттің наиб имамы Н.Жаханшаұлы зұлмат заман жылдарында бақилық болған боздақтар мен Алаш арыстарына арнап Құран бағыштады.
Кейінгі ұрпақ білуі тиіс деректерді келтіре кетейік. 1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды. Саяси себеппен 103 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақстан аумағында 11 жазалау лагері құрылып, онда сотталғандар мен олардың отбасылары адам төзгісіз қиын жағдайда күн кешті. Қуғын-сүргіннің зобалаңын қазақтар ғана емес, Қазақстанға еріксіз, күшпен жер аударылып келген 1,5 миллион өзге этнос өкілдері де көрді. Қазақ халқының жанашырлығы мен көмегінің арқасында олар жан сақтап, аман қалды.
Ашаршылық болмағанда қазақтың саны қанша болар еді?
1897 жылы Ресей Империясында Тұңғыш халық санағы жүрген. Сол кезде қазақ ұлтының саны 4 миллионнан асқаны айтылады. Бірақ, бұл санақ қазақтың шынайы санын көрсетпейді. Өйткені, қолымдағы бүкіл малды есептесе, салық көбейеді деп жылқы-қой санын жасырған. Баламды есептесе армияға алады деп уайымдап, санақшылар келе жатыр дегенді естіген бойда қыр бойына сіңіп кетіп отырған. Тек санаққа ілінген қазақтың саны 4 миллион 84 мың адам болды.

Сол кезде отырықшы халықтар өзбек, түрікмен, қырғыздың бәрін қосқанда қазақтан екі еседен кем болды. Қараңыз: Өзбектің саны 726 мың адам. Қырғыздар 200 мыңнан сәл асады. Түрікмендердің жан саны да осы шамалас.
Ал енді, бүгінгі Орта Азия халықтарының санын қарасаңыз, өзбектер 34 миллионнан асты. Сонда 1897 жылмен салыстырғанда өзбек 34 есе өсіпті. Қырғыздар 22 есе өсіпті. Түрікмендер де 20-ның ар жақ, бер жағында өсіпті. Алаштанушы Cұлтан-Хан Аққұлының демография заңдылығына салып, есебін шығарғаны бар. Сол есепке сәйкес: 1897-жылы санаққа алынбаған қазақтарды есептемей, тек ресми дерекке түскен 4 миллион қазақ ұлтын бүгінгі өзбектің 34 еселік өсімімен есептесек, қазақтың саны 134 миллион адам болуы керек еді. Ал енді ең төменгі өсім қырғыз-түрікмендікімен есептесек, 59-60 миллион болар едік.
Мұнымен айтпағымыз, сол жылдары орасан шығынға ұшырағанына қарамастан, біздің халқымыз өзінің бірегей ұлттық болмысы мен асыл қасиеттерін сақтап қалды. Қатыгездікке бой алдырған жоқ, сан ғасырлық даналығын да жоғалтпады. Ал мұндай ұлттың тәуелісіздіктің шынайы бағасын білмеуі, сезінбеуі мүмкін емес. Сондықтан кейінгі жастар мына бейбіт күннің қандай шығынмен, қанмен келгенін ұмытпауы тиіс.
Рамазан ӘНӘПИЯ