Ауырмайтын жол ізде

Аталған акцияға ауданаралық аурухананың жастар денсаулық бөлімінің дәрігері Лаура Аширова бастаған ақ халаттылар келді. Ондағы мақсат аудан тұрғындарын зиянды әдеттерден темекі, ішімдік, артық салмақ, жоғары қан қысымы, холестериннің жоғары болуы, гинекологиялық аурулар, тері аурулары, көз аурулары, қатерлі ісік ауруларын алдын алу бағытында жалпы тәжірибелік дәрігерлердің кеңесін алу.
– Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму стратегиясының ең маңызды басымдықтарының бірі денсаулық, білім алу мен Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттырып, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы орайда бүгінгі акцияның берері мол. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, денсаулығына баса мән беру керекпіз, – деді Л.Аширова.
Орталық алаңға жиналған халықтың қарасы көп. Олар мобильді жылжымалы МЕДКАР-У көлік кешенінде узи аппараты, экг аппараты, рентген, гинеколог, көз көру аппараттары арқылы аудан тұрғындары мен қонақтары медициналық жолдамасыз-ақ дәрігерлерге қаралып, түрлі диагностикалық тексерулерден өтіп, тегін жедел-анализдер тапсыруға мүмкіндік алды. Аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақшалар таратылды. Акция аясында 120 аудан тұрғыны тәжірибелі дәрігерлердің тексеруінен өтті.
Ш.Тілеубаев