Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

Байқау!

Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, олардың назарын қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорылққа қарсы күрес мәселесіне аудару сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үкіметтік емес сектормен тығыз ынтымақтастық орнату мақсатында «AMANAT» партиясы жанындағы Мемлекеттік  басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі 25 сәуір мен 20 қазан аралығында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыпта республикалық деңгейде
1.«Үздік қысқаша мотивациялық бейнеролик»
2. «Үздік сурет/плакат»
3. «Үздік журналистік зерттеу» бағыттары бойынша
БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Байқау аймақтық және республикалық кезеңде өтеді
Аймақтық кезеңнің қорытындыларын облыстық филиалдар 24 қыркүйекке дейін шығарып, Республикалық кезеңге өткен 3 үміткердің конкурстық жұмыстары және комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелерін 27 қыркүйекке дейін партияның Орталық аппаратына жолдайтын болады. Байқау жеңімпаздары Орталық конкурстық комиссияның шешімімен қазан айының 14 жұлдызына дейін анықталатын болады.
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖҮЛДЕЛЕР ТАБЫСТАЛАДЫ
  • Бірінші орын үшін - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
  • Екінші орын үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
  • Үшінші орын үшін - 150 000 (жүз елу мың) теңге.
Сондай-ақ байқаудың Республикалық кезеңінің І, ІІ және ІІІ орындарын иеленген қатысушылары Партияның орталық аппаратына шақырылады және жүлделі орындарын көрсете отырып дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Конкурстың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ партияның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Байланыс телефондары: +7(778)097-51-27; 8 701-057-20-00; 8707 823 50 51
25 сәуір 2022 ж. 325 0