15 мың грант бөлінді
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың түлектерге жолдаған ашық хатында айтылды. Онда түлектер үшін жеңілдіктер қарастырылып, өзгерістер енгізілгендігі көсетілген.
ҰБТ-дағы өзгерістерге келер болсақ, енді тестілеу электронды форматқа көшірілді. Орнатылған камералар, прокторинг және трансляция жүйесі түлектерге еш кедергі келтірмейді. Сондай-ақ, ҰБТ жылына бір рет емес, 4 рет өткізіледі. Бұл түлектердің күйзелісін азайтып, университетке түсуіне бірнеше мүмкіндік беретін болады. Ашық хатта ерекше қажеттіліктері бар балаларға да арнайы жағдай жасалғаны айтылған. Биылдан бастап оларға тапсырмаларды орындау үшін қосымша 40 минут бөлінді. Сондай-ақ тапсырмалар суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз беріледі. Оған қоса тест тапсырушыларға калькуляторларды тұрақты түрде пайдалануға рұқсат етіледі.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы түлектерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы беріледі. Бұл олардың әлсіз тұстарын талдауға және білімдерін жетілдіруге көмектеседі. Жоғарыда айтып өткеніміздей Президенттің қолдауының арқасында грантқа түсуге мүмкіндік те артып отыр. Биыл қосымша 15 мың грант бөлініп, шәкіртақы мөлшері 15%-ға өсті.
Өзгеріс енгізбес бұрын түлектердің тілегін тыңдаған Білім және ғылым министрі «Жақсы жаңалық та бар. Инстаграм желісінде мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни, енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды күйзеліс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол» деді.
А.Асанов