Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокурор: Қаңтар оқиғасында 800-ден астам видеокамера қылмысты жасыру үшін қиратылған

Бас прокурор: Қаңтар оқиғасында 800-ден астам видеокамера қылмысты жасыру үшін қиратылған

Бас прокурор: Қаңтар оқиғасында 800-ден астам видеокамера қылмысты жасыру үшін қиратылған
Қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздікке қатысқандар Алматыда және басқа да ірі қалаларда қылмысты жасыру үшін 800-ден астам видеокамераны қиратты.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Алматыда және басқа да ірі қалаларда қылмысты жасыру үшін 800-ден астам видеокамераны қиратқан. Басып алынған қаруды, азық-түлікті және ауыз суды, жеткізу ұйымдастырылған. Такси, жүк көліктері мен автобустардың жүргізушілерін көшені жауып тастауға мәжбүрледі. Яғни бейбіт азаматтарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланған. Арнайы автокөліктер мен басқа да жүк машиналарын таран ретінде пайдаланды», - деді Берік Асылов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас прокурор 11 аймақта агрессивті топтар зорлық-зомбылық сатысына өткенін айтты. «3-ші, 4-ші және 5-ші қаңтарда Мемлекет басшысы демонстранттарға үндеу жолдап, заңды сақтауға және деструктивті күштердің арандатуына бой бермеуге шақырды. Алайда, бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақыруға қарамастан, қылмыстық және радикалды элементтер белсенді де қатаң әрекеттерге көшті. 4-ші және 5-ші қаңтарда азаматтар жиыны агрессивті топқа айналып, 11 аймақта зорлық-зомбылық сатысына өтті», - деді Б. Асылов.

https://www.inform.kz/kz/bas-prokuror-kantar-okigasynda-800-den-astam-videokamera-kylmysty-zhasyru-ushin-kiratylgan_a3910722
14 наурыз 2022 ж. 411 0