Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар оқиғасы аясында 11 аймақта агрессив топтар зорлық-зомбылық сатысына өтті - Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы аясында 11 аймақта агрессив топтар зорлық-зомбылық сатысына өтті - Бас прокуратура

Қаңтар оқиғасы аясында 11 аймақта агрессив топтар зорлық-зомбылық сатысына өтті - Бас прокуратура
Қаңтардағы оқиға барысында 11 аймақта агрессив топтар зорлық-зомбылық сатысына өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3-ші, 4-ші және 5-ші қаңтарда Мемлекет басшысы демонстранттарға үндеу жолдап, заңды сақтауға және деструктивті күштердің арандатуына бой бермеуге шақырды. Алайда, бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақыруға қарамастан, қылмыстық және радикалды элементтер белсенді де қатаң әрекеттерге көшті. 4-ші және 5-ші қаңтарда азаматтар жиыны агрессив топқа айналып, бұл 11 аймақта зорлық-зомбылық сатысына өтті», - деді Б. Асылов «қаңтар оқиғасы» тураля баяндамасында. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар айқын жоспармен әрекет еткен. «Ватсап» және «Телеграмм» арқылы топтың жиналуы мен қозғалысын үйлестірген. «Олар көп адамды жинап алып, арматура, таяқ, тас, «Молотов коктейлімен» қаруланды. Кейіннен топтың бір бөлігі дүкендерді қиратып, тонауға кірісті. Тонаудан кейін, қылмыстың ізін жасыру үшін, тіпті көппәтерлі үйлердің бірінші қабатындағы үй-жайларды өртеген. Басқа қарулы топтар мақсатты түрде, әкімдіктердің, Президент резиденциясының, полицияның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараттарына шабуыл жасап, басып алды. Алматыдағы әуежай мен басқа да нысандарды қиратты. Олар қоршауды қалай бұзу керектігін біліп, полицияға шабуыл жасады, атыс қаруын алу үшін, аңшы дүкендерін тонады. Телеэфирге шығуға тырысты, ол іске аспай қалған кезде, телекомпания кеңселерін тонап, өртеп жіберді», - деді Бас прокурор.

https://www.inform.kz/kz/kantar-okigasy-ayasynda-11-aymakta-agressiv-toptar-zorlyk-zombylyk-satysyna-otti-bas-prokuratura_a3910717
14 наурыз 2022 ж. 338 0