Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас прокурор: ҰҚШҰ әскері Қазақстанда лаңкестікке қарсы операцияға қатысқан жоқ

Бас прокурор: ҰҚШҰ әскері Қазақстанда лаңкестікке қарсы операцияға қатысқан жоқ

Бас прокурор: ҰҚШҰ әскері Қазақстанда лаңкестікке қарсы операцияға қатысқан жоқ
Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскері лаңкестікке қарсы операцияға қатысқан жоқ. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанның территориялық тұтастығына қауіп төнді. «Бұл факторлар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 4-бабына сәйкес, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгерлік контингентін тарту үшін негіз болды. Олардың басты мақсаты стратегиялық маңыздағы нысандарды қорғау болды. Лаңкестікке қарсы операцияларды өткізу кезінде ҰҚШҰ әскері қатыспағанын айрықша атап өтемін», - деді Берік Асылов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде 11 аймақта агрессивті топтар зорлық-зомбылық сатысына өткенін айтты. «3-ші, 4-ші және 5-ші қаңтарда Мемлекет басшысы демонстранттарға үндеу жолдап, заңды сақтауға және деструктивті күштердің арандатуына бой бермеуге шақырды. Алайда, бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақыруға қарамастан, қылмыстық және радикалды элементтер белсенді де қатаң әрекеттерге көшті. 4-ші және 5-ші қаңтарда азаматтар жиыны агрессивті топқа айналып, 11 аймақта зорлық-зомбылық сатысына өтті», - деді Б. Асылов.

https://www.inform.kz/kz/bas-prokuror-ukshu-askeri-kazakstanda-lankestikke-karsy-operaciyaga-katyskan-zhok_a3910705
14 наурыз 2022 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930