Жасанды кедергісі көп көше
Кент ішіндегі көшелерді көлікпен аралап шықсаңыз жол үстіне қойылған жасанды кедергілердің санынан жаңылысу қиын емес. Мұндай кедергілердің көптігі аудан тұрғындарының заңды өрескел бұзып, өз бетінше әрекет етуінің әсерінен туындаған мәселе.
Осындай жасанды кедергілерді Әлия Молдағұлова көшесінен аңғаруға болады. Бұл көшемен жүргенде көлік жылдамдығын 40-тан асырудың қажеті жоқ. Тым жиі қойылған жол кедергілерінің санынан жаңылысасыз. Тіпті, көлік қозғалтқышы жерге тиіп, қосалқы бөлшектерін қолға ұстап кететіндей қорқасың. Бір көшенің бойына 6 жол кедергісін орнататындай бұл көшеде не бар? Әлде бай басшы, әкім-қаралар тұра ма? Жасанды жол кедергісін орнатудың талап-тәртібі қандай?

Қош, мәселенің анық-қанығын сұрап, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автамабиль бөлімінің басшысы Дана Аманға хабарласқан едік.
– Осы жерде бір мәселені айта кету керек. Біздің бөлімге тұрғындардан кейбір көшелерге жасанды жол кедергілерін қоюға немесе артық қойылғандарды алып тастауға хаттар келеді. Алайда бұл мәселені шешу тек біздің бөлім қызметкерлерінің құзырында емес. Жасанды жол кедергілері полиция құрылымен бірлесіп, арнайы комиссияның шешімімен қойылады. Алдымен көшеде көлік қозғалысы қадағаланып, жол қауіпсіздігіне байланысты жайттар зерттеледі. Арнайы нормативке сәйкес келмесе қойылмайды. Бұл Ә.Молдағұлова көшесінің тұрғындары өздері 8-ін орнатқан. Өткен жылы оның екеуін тұрғындардың арызымен алдырып тастадық. Ол негізінен халық көп шоғырланатын әлеуметтік нысандардың маңына қойылады. Мәселен, мектеп, оқу орындарының алдында. Балабақшалар мен ойын алаңдарына жақын жерде. Адамдар көп жиналатын жерлерде, ірі сауда орталықтары мен супермаркеттерде. Стадиондардың, вокзалдардың, адам көп жүретін алаңдар мен саябақтардың жанында қойылады, – деді ол.
Заң ортақ, талап бір. Оны белден басып, әркім өз қалауына салар болса, кент ішінде бейберекетсіздік орнамайды ма?
Ш.Тілеубаев