МАҢДАЙШАДАҒЫ МӘТІН ҚАЗАҚША ЖАЗЫЛАДЫ
21 Ақпан – Халықаралық ана тілі күні. Бұл мереке тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті сақтау мақсатында дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымының қаулысымен бекітілді. Барлық мемлекет бұл датаны айрықша атап өтіп, түрлі шараларды өткізуді жолға қойған. Осы күні ауданға облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Л.Есімова мен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Л.Ортаева жұмыс сапармен келді. Облыстан арнайы келген мамандар аудан әкімінің мәжіліс залында тіл саясатын іске асыру, ономастика және көрнекі ақпарат мәселелеріне орай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған шараға аудан басшысы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері Zoom қосымшасы арқылы байланысқа шықты. Жиынның алғы сөзін облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Л.Есімова алды. Бөлім басшысы ана тілімізге байланысты бірқатар мәселерді айтып, оның оң шешімін табу жолын атап өтті. Сонымен қатар, тіл туралы заңға бірнеше толықтырулар енгізілгендігін, мемлекеттік қызметкерлер мен әрбір мекеменің заң аясында жұмыс істеуі керектігін тілге тиек етті. Ал Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Л.Ортаева жиынға қатысушыларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды толықтай түсіндіріп, тарқатып айтып берді.

– Біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан бақытты халықпыз. Көгімізде көк туымыз желбіреп тұр. Өз тіліміз, дініміз бар. Ана тілін ардақтай білетін асылдан ардақты халқымыз бар. Ана тіліміз барлығымыз үшін де қастерлі. Тілге деген құрмет – барлығына ортақ міндет. Сондықтан да әрбір халық өз тілінде еркін сөйлеп, ана тілін жетік меңгеруі қажет. Осы орайда «Тіл туралы» заңның толықтыруларын атап өткім келеді. Байқасаңыздар, ақпараттық мәтіндер, мемлекеттік ұйымдардың бланклері, маңдайшадағы жазбалар, деректер, көбінде орыс және қазақ тілінде қатар жазылып жүреді. Осы олқылықтың орнын толтырып, мұның барлығын ана тілінде өзгертуді қолға алуымыз керек. Бұл заң Республика, облыс деңгейінде қаралып, талқыланып жатыр. Аудан көлімінде де ана тілімізге байланысты бірқатар шаралар жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ маңдайшадағы қателер де назардан тыс қалмайды. Көше атауларына да ерекше мән беріп, аудандағы бірнеше рет қайталанатын көше атауларына өзгеріс енгізілуі керек. Ана тілімізді құрметтеу міне осындай дүниеден басталады, – деді Л.Ортаева.
Жиынға қатысушылар көптеген ақпараттармен таныс болып, облыстан келген тіл мамандарына өз сұрақтарын қойып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.
Сымбат Сұлтан