Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Газ бағасы төмендейді

Газ бағасы төмендейді

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті еліміздің барлық газдандырылған өңірлер бойынша «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның тұтынушылары үшін тауарлық газдың бағасына сараптама жүргізді.
Оның қорытындысы бойынша, Табиғи монополияларды реттеу комитеті «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның елдің барлық газдандырылған өңірлеріне жабдықтау үстемесін 15%-дан 50,63%-ға дейін төмендейтіні айтқан болатын. Нәтижесінде 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының тұтынушыларына тауарлы газдың 1 м3 бағасы 18,47 теңгеге дейін төмендепті. Алайда, газдың жаңа бағасы айтылған ақпараттарға мүлдем сәйкес келмейді. Қарапайым есеп-қисап жүргізіп қайрайтын болсақ, үстеменің 15 процент пен 50,63 процент аралығында емес, бар болғаны 6,1 процентке төмендегенін байқадық. Еске сала кетейік бұрын тауарлы газдың 1 м3 үшін тұрғындар 19,66 теңге төлейтін.

Рамазан Әнәпия
04 ақпан 2022 ж. 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31