ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Әлемді жаулаған пандемияның әсері халықтың тұрмысына, әлеуметтік ахуалына кесірін тигізгені рас. Соның Салдарынан елде жұмыссыздық мәселесі дендеді. Мәселен, өткен жылдағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда жұмыссыздар саны 2019 жылға қарағанда 2,8% өскен. Ал, аудандағы ахуал қалай? Осы бағытта халықты жұмыспен қамту орталығы қандай мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып отыр? Әлеуметтің әлеуетін жақсартуға нендей жұмыстар атқарылуда? Аталған сауалдарға жауап іздеу мақсатында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының тыныс-тіршілігімен таныстық.
Жыл басында халықты жұмыспен қамту орталығына 5 мыңнан аса азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Жауапты мамандар оның 3 мыңдайы мемлекеттік бағдарламалардың белсенді шараларымен қамтылса, қалғаны тұрақты жұмысқа орналасқанын айтады. Жалпы, дәл қазір аудандағы жұмыссыздық деңгейі 5 процентті құрап отыр. Ал, жұмыссыз жастар 3,8 процентке жеткен.

«Еңбек» бағдарламасы – еңбекке бастайды
Елдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді тұрақтандырудағы маңызды мәселелердің бірі – тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету болып отыр. Бұл мемлекеттің ерекше бақылауына алынған.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды.
«Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының бірінші бағыты – жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға арналған. Осы бағдарлама шеңберінде «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасының базасында онлайн режимде қысқа мерзімді оқыту порталы әзірленіп, нарықта сұранысқа ие біліктіліктер бойынша білімін жетілдіруге ауданның кез келген азаматына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Бұл бағытта жыл басынан бері 41 жұмыссыз азамат онлайн түрде оқытылып, сертификаттар алды.
«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында жыл көлемінде онлайн форматта 344 азамат кәсіпкерлік курстарын аяқтаған. Оның 139-ына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында мемлекеттік грант берілсе, 10 азамат жеңілдетілген несие алды.
Жыл басынан бері 408 аудан тұрғыны 583 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз қаржыға ие болды. Олардың тең жартысы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар, сондай-ақ жастар және көпбалалы отбасылар мен 10 мүмкіндігі шектеулі азамат та бар.
Осы жылы өз кәсібін ашу немесе кеңейту мақсатында 113 азаматқа 565 млн 846,2 мың теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде қосымша 118 жаңа жұмыс орны құрылды.
– Бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағыты аясында ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына жыл көлемінде 150 тұрғынды қамту жоспарланды. Бірақ бүгінгі күнге дейін 192 азамат уақытша негізде жұмысқа жолданды. Келісім шарт мерзімі аяқталған 44 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыссыз 543 жас азамат алған кәсібі бойынша уақытша негізде жұмысқа жолданды. Нәтижесінде келісім шарт мерзімі аяқталған 152 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Сондай ақ, бүгінгі күнге дейін 1429 азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Келісім шарт мерзімі аяқталған 334 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, – дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов.
Жастарға мүмкіндік берген қос жоба
Биылдан бастап елде «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы қолға алынды. Жобаның басты мақсаты – «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны болашақта зейнеткерлік жасқа толған жұмыс істеп жүрген қызметкердің орнына жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарламаға жұмыс іздеп жүрген және жұмыссыз тұлғалар қатыса алады. Айта кетейік, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысушылардың еңбекақысын жұмыспен қамту орталығы төлейді. Бұл жоба бойынша ауданда 3 азамат 18 ай мерзімге жұмысқа жолданған. Жобаның талаптарына сәйкес үшеуі де тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастарға арналған тағы бір жаңа бағдарлама – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске асырылуда. Бұл да «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты аясында жүзеге асырылып отыр. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісімшарт жасап, оқу орнын енді тәмамдаған жастарды 2 жыл бойы жұмыспен қамтиды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеп, жастар екі жылдық тәжірибе мен біліктілігін арттырады. Жалпы аталған жобаға 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілі жоқ жұмыссыздар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көпбалалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жандар мен кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.
Жоба аясында аудан көлемінде 9 азамат мамандықтары бойынша 2 жыл мерзімге жұмысқа жолданды. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары бір жылдан соң тұрақты жұмыспен қамтылатынын айтады.
Атаулы әлеуметтік көмек: мұқтаждарға медет
Биыл аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін 600 млн теңгеден аса қаржы қаралған.
Биыл аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін 600 млн теңгеден аса қаржы қаралған.
– Жыл басынан бері 1810 отбасының 9216 мүшесіне 559 млн 117,9 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Өткен жылдан бастап 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға АӘК-тен бөлек «Кепілдірілген әлеуметтік пакет» тағайындалуда. Бұл бағытқа 2021 жылға республикалық бюджеттен 79500,0 мың теңге қаралған. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетті алушыларға жеткізіп беру үшін «Бакинов» ЖК мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес келісім-шарт жасалды. Оның ішінде 1630 отбасының мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді, – дейді А.Төлегенов.
Одан бөлек АӘК алатын барлық отбасының балаларына кепілдендірілген пакет те бар. Оның ішінде 6 жасқа дейінгі балалар үшін тамақ, гигиеналық құралдар, мектеп жасындағы балаларға мектепте ыстық тамақ, құрал-жабдықтары мен киім-кешектері, жол ақысын өтеу шаралары қамтылған. Ал табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40% аспайтын отбасының балалары да мұндай көмектен қалыс қалмайды.
Сонымен бірге кепілдендірілген пакетте медициналық көмек көрсету қызметі тағайындалған.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау тұрақты
Бүгінгі таңда ауданда 2300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүреді. Оның ішінде I топтағы – 243, ІІ топтағы – 819, III топтағы – 793 тұрғын бар. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 426-ны құрап отыр. Тағдырдың жазуымен түрлі дертке ұшырап, мүмкіндігі шектелген жандар мемлекет назарынан тыс қалған емес. Оларға қажетті кресло арба, гигиеналық құрал секілді заттар түгелдей қамтамасыз етіліп келеді. Одан өзге қимылында қиындығы бар 179 бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жанның барлығы жеке көмекші қызметімен қамтылып отыр. Ал естуі төмен 19 аудан тұрғынына 3 ымдау тілі маманы қызмет етуде.

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 123 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және 112 мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер үздіксіз көрсетіліп келеді. Сондай-ақ облыс орталығындағы мүгедектерге арналған «Талсуат» оңалту орталығына 57 аудан азаматы жіберілген. Жыл басынан «Думан-Шиелі» ЖШС арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының күндізгі бөліміне 24 балаға, 248 зейнеткерге жолдама берілді.
Жалпы ауданда тұрмысы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі немесе әлеуметтік көмекті қажет ететін қандай да дертке шалдыққан жандарға тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен биыл туберкулезбен ауыратын 129 адамға, лейкозбен ауыратын 4 балаға белгіленген мөлшерде әлеуметтік көмек төленді. Үйден оқытуға өтініш білдірген 153 бала да қамқорлықтан тыс қалған емес. Одан бөлек 1-2 топ мүгедектері мен 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік такси қызметі де тиімді ұйымдастырылған.
Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар аз емес. Десе де тұрғындардың тіршілігі түзеліп, әлеуметтік осал топтың әлденуі үшін тынымсыз тірлік қажет-ақ.
Гүлхан ЯХИЯ