Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Жуырда «Ботақан» жеке балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ертеңгілік өтті.
Ертеңгіліктің мақсаты бейбіт елге жеткізген аға ұрпақтың жеңісін бүлдіршіндерге кеңінен баяндап, құндылығымыз тәуелсіздік туралы айта келіп, жастарды рухы биік,өз елінің патриоты болуға баулу.
Мерекелік ертеңгілікті балабақшаның құрылтайшысы Ерік Мыңжасарұлы мен меңгерушісі Сабила Искендировалар ашып берді.
– «Бүгін біз ең ұлы мейрамымыз – Тәуелсіздік күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Бұл күн – біздің елдің алдында керемет мүмкіндіктер ашқан, болашағымызға үміт сәулесін түсірген киелі күн! Тәуелсіз ел ғана өзінің келешегін сомдай алады. Ешкімге жалтақтамай өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізе алады. Осы күнді талай заманды басынан өткерген асыл бабаларымыз аңсап өтті. Ол арманның орындалуын көру – біздердің бағымызға бұйырыпты. Бұл деген үлкен бақыт, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын бүлдірішіндер!» – деді балабақша құрылтайшысы.
Аталған ертеңгілікке ересек 4 жас «Балдырған» тобы тәрбиешісі Ақмаржан Таубайқызы мен ортаңғы 3 жас «Балапан» топ тәрбиеленушілері, тәрбиешісі Гүлнұр Бейсенбаева қатысты. Сондай-ақ, балабақшаның бүлдіршіндері мың бұралып би билеп, әуезді әндер айтты. Ертеңгілік соңында балабақша әдіскері Гүлнұр Шерәліқызы сөз алып, бүлдіршіндерді мерекелік мадақтамамен марапаттады.

Б.Бәйімбет
16 желтоқсан 2021 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031