Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдіктің жеті тұғыры

Елдіктің жеті тұғыры

Кеше «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалында Елбасы Н.Назарбаевтың Саяси кеңестік кеңейтілген отырысында жарияланған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын насихаттауға арналған ақпараттық түсіндірме жұмыстары өтті.
Кеңеске облыстық мәслихат депутаттары, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Аманжол Оңғарбаев, Баян Дүйсенбекова, аудандық мәслихат депутаты Патима Маханбет, сала мамандары, зиялы қауым өкілдері, кеңес мүшелері қатысты.
Тұңғыш Президенттің партияның маңызды жиын­ында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алғанымызды айта келіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар болар «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттарының жиынтығын ұсынған еді. Отырыс барысында «Сыр медиа» ЖШС директоры, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Аманжол Оңғарбаев ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғырындағы» басымдықтар туралы баяндап, маңыздылығын талдап өтті. Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизм дейтін жеті тұғырдың қазақстандықтарға бағдар болатынын жеткізді. Сондай-ақ, топ мүшелері Елбасының осы үндеуін жастарға арнаған өсиеті ретінде қабылдап, ел алдындағы парызы мен жауапкершілігін ұмытпау керектігін алға тартты. Әсіресе Тұңғыш Президенттің «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» деген сөзі жан-жақты талқыланды.

Ш.Шағдатұлы
03 желтоқсан 2021 ж. 1 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031