Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 қарашадан бастап «Pfizer» вакцинасы егілуде

15 қарашадан бастап «Pfizer» вакцинасы егілуде

 
Бүгін облыстық баспасөз орталығында облыс әкімі Г.Наушақызы БАҚ өкілдеріне брифинг берді.

Бүгінгі күні вакцинациялауға жататын Қызылорда облысы тұрғындарының 86,2%-ы, яғни 389954 адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5%-ы, 328189 адам екінші компонентін салдырды.
«Облыс «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, коронавирустық инфекцияны тежеу негізгі бағыттардың бірі болып қалуда. Жыл басынан бері егу кабинеттерінің саны 34-тен 106-ға дейін артты. Үй жағдайында қызмет көрсететін 39 мобильді, 167 мониторингтік топ жұмыс жасауда», – деді облыс әкімі.
Қазіргі таңда 15363 объект тексеріліп, 52 млн. теңгеге 799 бұзушылық анықталды.
«Pfizer» вакцинасын егуді 15 қарашадан бастадық. Бүгінде 23400 дозасы өңірге жеткізілді. Талаптарға сәйкес 2 мұздатқыш камера сатып алынды, жақын арада тағы 10 камера мен 20 термоконтейнер жеткізілетін болады. Барлығы 97 мың доза жеткізу көзделіп отыр», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.
Аймақ басшысының айтуынша, басқа жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен күресуге дайын, дәрі-дәрмекке қатысты мәселе жоқ.
18 қараша 2021 ж. 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031