Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында кездесу өтті

«Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында кездесу өтті


Бүгін Ы.Жақаев ауылының мәдениет үйінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында ауданның бас имамы Рахат Ахметов пен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімінің меңгерушісі, теолог  Қожахмет Кеңесбеков ауыл ақылшылары, яғни, ақсақалдарына «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын таныстырды.

Аталмыш кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылған. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылған. Кітаптың шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу табылғандықтан мамандар осы кітапты негізге ала отырып сөз өрбітті.

«Өскен өңір» ақпарат. 
03 сәуір 2018 ж. 2 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31