Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіподақ төсбелгісі

Кәсіподақ төсбелгісі

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруДа, шаруашылықтарға қатысты оң өзгерістерге белсенді түрде қатысып келе жатқан қоғамдық күш – кәсіподақ. Еңбек адамына түсер қиындықты жеңілдетуде, еңбек заңдылықтарының сақталуын бақылауда, кәсіподақ мүшелеріне материалдық-моральдық қолдау көрсетуде кәсіподақтың атқарар еңбегі көп.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен кәсіпорындар, өндіріс қызметкерлерінің мұң-мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсетуде кәсіподақ комитетінің ықпалы өте зор. Сондықтан да қызметкерлердің кәсіподаққа сенімі арта түсуде.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ауыл шаруашылығы ардагерлері кәсіподағының төрағасы Ж.Әлиев бірнеше мамандарды республикалық «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Атап айтар болсақ, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Аман, «Наурыз-Дем» Кредиттік серіктестігі» ЖШС-ның төрағасы И.Рысдәулетұлы.

Ақбота Базарбай
02 қараша 2021 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031