Кәсіподақ ұйымы – ұжым ұйытқысы
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның кәсіподақтары – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік-еңбек қатынастарының базалық элементі» деп кәсіподақтар қызметін жоғары бағалаған болатын.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың да «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы кәсіподақтар қызметіне қарқын берді. Бүгінде кәсіподақ жұмысы алға басып келеді. Деректерге сүйенсек, кәсіподақтың нәтижелі жұмысының арқасында ұжымдық шарттар саны 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 16 процентке, ал 2016 жылмен салыстырғанда 24 процентке артқан. Қазіргі таңда 126 мыңнан аса меморандум бекітіліп, республика бойынша 2 млн 292 мың жұмысшы қамтылған. Мұнымен қоса кәсіподақтар жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге де атсалысуда. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс істеуге деген ынтасын шыңдап, қабілетін арттыру мақсатында да кәсіподақ ұйымы әртүрлі шара ұйымдастырып келеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың да «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы кәсіподақтар қызметіне қарқын берді. Бүгінде кәсіподақ жұмысы алға басып келеді. Деректерге сүйенсек, кәсіподақтың нәтижелі жұмысының арқасында ұжымдық шарттар саны 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда 16 процентке, ал 2016 жылмен салыстырғанда 24 процентке артқан. Қазіргі таңда 126 мыңнан аса меморандум бекітіліп, республика бойынша 2 млн 292 мың жұмысшы қамтылған. Мұнымен қоса кәсіподақтар жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге де атсалысуда. Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс істеуге деген ынтасын шыңдап, қабілетін арттыру мақсатында да кәсіподақ ұйымы әртүрлі шара ұйымдастырып келеді.
Кәсіподақтардың тарихы Батыс Еуропа және АҚШ-пен тығыз байланысты. Себебі бұл ұйым ХVІІІ ғасырдың аяғында осы елдерде пайда болған. Германия мен Еуропаның басқа елдерінде ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары құрылған. Ал Қазақстанда кәсіподақтар 1905-1907 жылдары өз жұмысын бастады. Жұмысшылардың, қызметкерлердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеуметтік сақтандырылуын басқару қызметі, шаруашылық есептегі санаторий мен демалыс үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Әрбір кәсіподақ халық шаруашылығының қызметкерлерін біріктіріп, ұйымдаса жұмыс істеуге ықпал етті.
Иә, кәсіподақ ұйымы дегенде біздің көз алдымызға үнемі әлеуметтік бастамаларға қолдау білдіріп, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға жәрдем беретін, жалғызбасты аналарға қолдау көрсететін, жұмысшылардың еңбек демалысын лайықты өткізуге мүмкіндік беретін ұйым елестейді. Расында, бүгінде еліміздегі кәсіподақтардың басым бөлігі рухани бағытта шара өткізіп, еңбеккерлерді лайықты демалысқа жіберумен айналысады. Мәселен, аудандағы білім қызметкерлері кәсіподағын алайық. Кәсіподақ төрағасы Болат Сейілхановтың айтуынша, аталған одақта 66 ұйым бар. Оның ішінде мектеп, балабақша, қосымша білім беру және оңалту орталықтары кіреді. Сондай-ақ білім қызметкерлері кәсіподағына 6000-нан аса адам мүше. Олар ай сайын жалақысының 1 процентін кәсіподаққа жарна ретінде аударады. Осының арқасында мұғалімдер 40, ардагерлер 50 процент жеңілдікпен курорт немесе санаторияға жолдама ала алады. Кәсіподақ ұйымы тек осы тектес демалыстарды ғана емес, айтулы күндерді де ескерусіз қалдырмайды. Әсіресе, қызметкерлердің төл мерекесі қарсаңында шара ұйымдастырып, қызметкерлер арасында спорттық байқаулар өткізеді.
Кәсіподақ ұйымы қайырымдылық шараларынан да тыс қалған емес. Тек елде ғана емес, білім қызметкерлері арасында да қандай да бір қиындық туа қалса кәсіподақтың демеушілігімен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. Мұндай игілікті істің бір парасы пандемия кезінде көрініс тапты. Биыл 170 адам еліміздегі 7 санаторияға жолдама алып, кәсіподақтың демеушілігімен демалып қайтты. Бұдан бөлек жыл сайынғы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өтетін шеберлік сағаттарына да ұстаздар кәсіподақтың демеушілігімен жолданады.
Осы сынды қызу жұмыс «Сенім» денсаулық сақтау салалық кәсіподағында да қарқынды жүруде. Бұл кәсіподақ та медицина қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын арттырып, шабытын шыңдау үшін әртүрлі шара ұйымдастырып, жыл сайын демалуға жолдама береді. Аталған кәсіподақтың төрағасы – Ерлан Кульманов. Оның айтуынша, бүгінге дейін кәсіподақ ұйымы бірнеше рет қайырымдылық шарасын өткізген. Атап айтар болсақ, 1 қыркүйек күні 60 жұмысшының балаларына мектепке қажетті оқу құралдарын табыс етсе, өрттің салдарынан баспасынан айырылған қызметкерге қаржылай қолдау білдірген. Сонымен қатар коронавирус дертімен ауырған дәрігерлер санаторияға қосымша ем қабылдауға барған. «Кәсіподақ ұйымы ұжымның ауызбіршілігін нығайтып, жұмысқа деген қабілетін арттырады. Осы ұйымның арқасында ешқандай айтулы күн мен ешкім де елеусіз қалмайды. Қандай да бір мереке болса соны атап өтіп, сәйкесінше сыйлықтар үлестіреміз. Нәтижесінде қызметкерлердің еңбегі бағаланып, көңілі көтеріліп қалады» дейді кәсіподақ төрағасы Ерлан Жақсылықұлы. Қазіргі таңда «Сенім» денсаулық сақтау салалық кәсіподағы елдегі ахуал реттеліп, демалыс орындарының қалпына келгенін асыға күтуде. Егер барлығы бір ізге түсіп, бәз-баяғы қалпына келсе, бұрынғыдай кәсіподақ мүшелері демалыс орындарына жолдама ала алады. Бұдан бөлек әр мереке ескерусіз қалмай, өз дәрежесінде аталып өтеді.
Кез келген ұжымда ұйымшылдық маңызды екені анық. Егер қызметкерлердің арасында өзара сыйластық пен татулық болмаса, атқарып жатқан жұмыс кері кетеді. Сол себепті ұжымның ауызбіршілігін әрқашан қадағалап, олардың еңбекке деген ынтасын арттырған жөн. Осы орайда кәсіподақ ұйымы ұжымның ұйытқысына айналып отыр десек қате емес.
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА