Білім: Талан-таражға түскен қаржы
Білім. Бұл күндері білім жайлы сөз қозғай қалсақ, Шиелі аудандық білім бөлімінің былығы шығады алдымыздан. Себебі, мұндай жағдай бірінші рет орын алып тұрған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тамырлап тұрған бұл салада 2020 жылы бөлінген 335 млн теңгеге тарта қаржы ізім-қайым жоқ. Есебіне жете алмаған білім бөлімінің басшысы Ы.Мәдиев сотқа тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу туралы өтінішті өзі тастаған. Алайда, күдіктілер қатарынан бірақ шықты.
Соңғы жылдары еліміздегі білім саласында жаға ұстатарлық жағдай жиілеп кетті. Анығы, «көзге шыққан сүйелдей» бадырайып тұрған қоғамдағы індет, ашкөздік, жемқорлық, сұғанақтықтың етек жайғаны, лауазымды тұлғалардың этикадан, эстетикадан ауытқып, қол астындағыларды қойдай үйездетіп, жылқыдай жусатуы қоғамдағы идеологияның кескін-келбетін көрсетіп тұрған жоқ па? Соның бір көрінісі білім ордаларындағы лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері, әдепсіздіктері, қомағайлықтары. Жә, жалпақ жұрттың жайын тізбей-ақ, аудандағы мәселеге қайта оралсақ.

Бейсенбі күні 5 айға созылған қылмыстық істің нүктесі қойылды. Жең ұшынан жалғасын табатын қылмыстың өтеуі жаза екені өзгелерге сабақ болсын деген ниетпен сот отырысына онлайн режимде аудан әкімдігінде барлық мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Ашық сот процесінде білім бөлімінің басшысы мен сектор меңгерушісі және есепшісі, сондай-ақ қылмыстық іске қатысқан 3 адам 10 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
–Сотталушылар 2020 жылы пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты Шиелі ауданы көлеміндегі жағдайы төмен отбасылардың балаларына ыстық тамақпен, жазғы демалыс лагерлеріне жолдама алумен қамтамасыз етуге, мектептерде өткізілетін іс-шараларға сыйлықтар сатып алуға қаралған 334 981 088 теңге бюджет қаржысын талан-таражға салған. Шиелі аудандық сотының үкімімен сотталушылар 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, Б.есімді азамат бұған дейін тағайындалған жазасын сіңіру жолымен түпкілікті 10 жылға, Ж. есімді азамат – 8 жылға , Р., М., А.-тар – 7 жылға бас бостандықтарынан айыруға, С.есімді азамат ҚК-нің 371 бабы 1-бөлігімен кәнілі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – деген ақпар берді Шиелі аудандық сотының бапасөз маманы.
Таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл мәселеде облыстық білім бөлім басқармасының басшысы Е.Алпысбаевтың тексеру жұмыстары жүргізілгендегі берген мәліметіне сүйенсек сол кездегі аудан әкімі де аталған іске жауапты. Нақтырақ айтсақ, «бұл бұзушылықтар өткен қаржылық, яғни 2020 жылдық бюджеті есебінен жүргізілген. Айта кететін нәрсе, 2020 жылы барлық білім бөлімдері және саланың қаржыландырылуы жергілікті әкімдіктердің құзіретінде болды. Яғни, қаржыландыру, шаруашылық қызметіне аудан әкімдіктері жауапты болады» делінген.Г.ДҮЙСЕБАЙ