Қатты отын қат па?

Бұлай деуімізге теріскей беттегі көмір сататын орындағы ұзын-сонар кезек түрткі болды. 2 күннен бері көлігін кезекке қойып, көмір алуға келген М.Ауанов «Күн аяқ асты суып кетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында қар жауып та үлгерді. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, ертерек қыстың қамын жасамасақ болмайды. Қазір от жақпасақ үйдің іші салқын. Бірақ, 2 күннен бері көмір ала алмай жүрмін. Халық қаппен де, тонналап та алып кетуде» дейді. Расында, айналаға көз салсақ, сары аязда сабылып, шұбаркөл көмірін іздеп шұбырып жүргендер көп. Тіпті, «Достық» маңындағы көмір қоймасына келген көліктің соңы «Самара-Шымкент» тас жолына шығып тұр. Жылу маусымы басталмай жатып, қатты отынның қат болуынан секем алған халық қатты аяз басталмай тұрып, көмірге қол жеткізуді қалайды.
Г.ДҮЙСЕБАЙ