«Ashyq»: Айыппұлды кімдер төлейді?
Адамзаттың басына келген алапаттан құтылудың әдіс-тәсілдерін қарастырып жатқан әр елдің үкіметі әртүрлі амалдарға көшуде. Басты мақсат – осы бір аласапыран қиындықты артта қалдыру. Иә, ол амалдар жүз процент ауруды тоқтатпаса да, таралу қарқынын тарылтуға көмегін тигізетіні анық. Індеттің кесірінен түрлі саладағы бизнес айтарлықтай шектеулермен жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның салдары кәсіпкерлік қызметтің кірісіне орасан зор шығын келтіруде. Вакцина шығып, «емі табылды» деп жар салғанымызбен, отандық бизнестің 13 мыңнан астам субъектісі әлі де жұмысын жандандыра алмай отыр. Сондықтан кейбір кәсіп түрлерінің толық жабылуының алдын алу және ішінара шектеулерді алып тастауға балама ретінде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Яғни, індеттің екпінін бәсеңдету үшін қолға алынған жоба бұл.
Алайда, әлі күнге қоғамдық орындарда «қызыл» және «сары» түсті мәртебесі бар адамдардың қарасы жиі кездесуде. Сондықтан, дерттің одан әрі таралмауы үшін Аshyq-та «қызыл» мәртебесі бар азаматтар қоғамдық орында жүргені үшін айыппұл төлейді. Бұл әкімшілік жауапкершілік өзін-өзі оқшаулау режимін қасақана бұзатындарға бағытталған.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекіткен. Бұл талаптарды орындамағандар үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енді. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталады. «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде «қызыл» мәртебесі бар болып шыққан адамдар оқшаулану ережесін бұзған болып саналады.

Бұрын бағдарламаға тек тамақтану орындары қатысса, қазір елімізде 700-ден астам ірі сауда орындары мен жабық базарлар осы жоба аясында жұмыс істеп тұр. Әсіресе, ірі сауда орындарында қызыл статусы барлар жиі анықталатын көрінеді. Бір айдың ішінде бұл көрсеткіш 10 есеге артқан. Күніне 400 мыңнан астам адам бұл мүмкіндікті пайдаланып отыр. Жоба аясында бір күнде қызыл мәртебесі бар 8 мыңға жуық адам тіркеледі екен. Ал, 24 тамыздан бастап карантин талабын бұзғандардың саны 3,6 мыңға артып, 77,6 мың болған. Бұл деректер «Ashyq» қосымшасы арқылы анықталыпты.
Ал, бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша «Ashyq» қосымшасы арқылы «қызыл» түсті мәртебесі анықталған 689 адамға 4 725 540 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ, «сары» түсті мәртебесі бар 365 адамға карантиндік талаптарды сақтау бойынша қаулы шығарылды. Осылайша, тәртіпті қатаңдатып, індеттен айығудың түрлі амалдары қолға алынуда.
Біле жүріңіздер, адамдардың мәртебесін 4 түс арқылы ажырата алады. Мәселен, «Қызыл» түс жанса, ПТР-тестін тапсырған кісіден оң нәтижесі шыққандығын айқындайды. Осындай мәртебесі бар азаматтар оқшалану режимін қатаң ұстанады. Ал, «Сары» түс науқас адамдармен байланыста болғандығын көрсетеді. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат беріледі. «Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыруға міндетті орындардан басқа барлық жерге баруға рұқсат. «Жасыл» түс жүріп тұруға толығымен мүмкіндік береді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ