Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның 10 облысында дауылды ескертулер жарияланды

Қазақстанның 10 облысында дауылды ескертулер жарияланды

Қазгидромет алдағы күндерге Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласында 15-16 тамызда қатты нөсер жаңбыр жауады, сонымен бірге 14-16 тамызда күн күркіреуі күтілуде.
15 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
15-16 тамызда Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз 15-17 тамызда оңтүстікте, 18-20 тамызда елді мекеннің басым бөлігінде 40-41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
16-20 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
15-16 тамызда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Өрт қаупі сақталады.
15 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында оңтүстікте қатты ыстық 37 градусқа дейін сақталады. Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
15 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. 15 тамызда солтүстік-шығыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында 15-16 тамызда солтүстік-шығыстан кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен шаңды дауыл күтіледі. Өрт қаупі сақталады.
15 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 18-20 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.
15 тамызда Түркістан облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтілуде. Өрт қаупі сақталады.  ​https://stan.kz​​​
15 тамыз 2021 ж. 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031