Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нан бағасы неге қымбаттады?

Нан бағасы неге қымбаттады?


Бірер күн бұрын ауданда нан бағасы қымбаттағаны белгілі. Осы орайда, көкейде «нанның қадірін білеміз бе?» деген сауал туындайды. Құдайға шүкір, нанды тоя жеуді армандаған ашқұрсақ бала жоқ қазір. Ақшасы бардың да, жоқтың да дастарханынан табылатын ас атасының қымбаттауы алаңдаушылық тудырды.
Қазақта «Ас атасы нан» дейді. Нан ең көп тұтынылатын ұннан жасалған тағамдардың бірі. Күнделікті аспен бірге қолданылатын қамыр өнімі қолжетімді бағада болғаны дұрыс қой. Алайда, қазір нанның бағасы аспандап тұр. Оның бағасы бірден 100 теңгеге көтеріліп кеткені тұрғындарды алаңдатып отыр. Бағасы 10-15 теңгеге қымбаттаған өзге өнімдерін айтпағанда, нанның бір бөлкесі қазір Шиеліде 95-100 теңге болса, тандыр нан 90 теңгеге сатылуда. Мамандар мұның себебін биылғы елімізде орын алған құрғақшылықтың салдарынан, егістік көлеміндегі бидайдың аз болуынан деп топшылауда. Жалпы, ауданда нан өнімдерін өнідеретін 9 наубайхана жұмыс жасайды. Наубайханашылардың айтуынша, ұн, электр жарығы, жанар-жағар май, ашытқы бағаларының қымбаттауы, жұмысшылардың жетіспеуі, жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысының көтерілуі мен ұнды Солтүстік Қазақстан облысынан тасымалдауынан шығынның артуынан бағасының қымбаттауына әкеліп соққан. Бұрынғы баға нанды әзірлеуге кететін шығынды өтей алмайтынын, тығырықтан шығатын жалғыз жолы осы дейді.
Ресми дерек бойынша, ең арзан нан – Солтүстік Қазақстанда. Бұл жердегі әлеуметтік нанның орташа бағасы – 72 теңге. Ал, бөлкесі 135 теңгеден бағаланған ең қымбат нан Маңғыстауға тиесілі. Нұр-Сұлтанда – 120, Алматыда – 120 теңге болған «ас атасы» Ақтөбе облысында 95-105 теңгеге бағалануда. Қызылорда да осы баға екенін айтады ресми мәліметтер.
Ал, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарындағы дүкен сөрелеріндегі бір бөлке нанның құны 95-100 теңге аралығында сатылып отыр.
Әрине, нан бағасының 15-20 теңгеге болсын қымбаттауы көпбалалы және жағдайы төмен отбасылар үшін қиын.
– Иә, нан бағасы бұрындары 75-85 теңгеден сатылғанда да қалтаға салмақ салатын еді. Енді бірден 100 теңгеге көтеріліп кетті. Неге? Бұл қарапайым халықтың жағдайына кері әсер етпейді ме? Бұны төмендетудің, алдын алудың жолдары жоқ па?, – дейді аудан тұрғыны Сәбира Қанатқызы.
Бағаның күрт өсуін білмекке, ауыл шаруашылық бөлімінің бсшысына хабарласқан едік. Осы орайда аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков, алдағы уақытта мониторингтік зерделеу-зерттеу жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.

Шапағат ТІЛЕУБАЙ

14 тамыз 2021 ж. 899 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930