Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі

19 миллион


Халық өсімі – мемлекеттің бас­ты байлығы. Сондықтан да демографиялық ахуалды тұрақты зерттеп отыру болашақ үшін өте маңызды. Себебі сол, қай мемлекеттің де дамуы­­на, ең алдымен, халық саны әсер етеді. Кез келген елдің ішкі-сыртқы дамуы тікелей халық санының өсімімен байланысты.
Елдегі халық саны 19 миллионға жетті! Сүйіншілейтін жаңалықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында бөлісті. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния – отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!» – делінген жазбада.
Ұлттық статистика бюросы Жәнияның 20 маусым күні Алматы қаласында дүниеге келгенін хабарлады. Анасы – 1986 жылғы Назгүл Көбентаева, әкесі – 1982 жылғы Азамат Нұрғалиев. Жәния – отбасындағы төртінші бала. Филология ғылымдарының докторы Бауыржан Омаров Facebook-тегі парақшасында демограф-ғалым Мақаш Тәттімовтің теориясын негізге алып: «Төртінші перзенттен бастап қана халықтың жалпы өсіміне үлес қосылады. Сондықтан бұл сәби қай жағынан да ақжолтай болып тұр», – депті.
Бюро хабарламасына сүйенсек, тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандықтар саны 2557,9 мың адамға (15,5%) өскен. Облыстық статистика департаменті жыл басында сырбойылықтар саны 814,6 мың болғанын жеткізді. Ал 1991 жылы 592,4 мың ғана еді. Егемендік алған ең алғашқы жылы өңірде 18,3 мың бала өмірге келсе, одан кейін көрсеткіш біршама төмендепті. Тек 2015 жылға қарай бала туу деңгейі жоғарылады. Өткен жылы 21,8 мың бала жарық әлем есігін ашты. Тәтімов теориясына салсақ, биыл тәуелсіздік мерейтойы екенін ескерсек, кішкентай Жәнияның жолы жеңіл болатынға ұқсайды.

«Өскен өңір» ақпарат
07 тамыз 2021 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930