Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСШЫЛАР БАЙЛАНЫСТА

БАСШЫЛАР БАЙЛАНЫСТА

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысында жыл басынан бері «Басшылар байланыста» жобасы жүзеге асырылуда.
23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай 2021 жылғы 17 маусымда «Aray City Mall» сауда - ойын-сауық орталығында «Басшылар байланыста» жобасының кезекті шарасы өтті.

Шара барысында әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, коммуналдық, жер, сәулет, құрылыс, кәсіпкерлік, білім, денсаулық, кірістер, көлік құралдарын тіркеу және көші-қон мәселелері бойынша мекеме басшылары азаматтарды қабылдап, мемлекеттік қызметтерді алу жолдары түсіндірді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған аталмыш шара тұрғындардың қызығушылығын тудырды. 100-ге жуық тұрғынға мемлекеттік орган басшыларымен консультациялық көмек көрсетілді.
«Жыл басынан бері облыстағы қызмет беруші мекемелермен 2 млн. 132 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Электрондық қызметтердің үлесі 20% артып отыр», - деді департамент басшысы Рафхат Бисенов.
ҚР МҚІА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
20 маусым 2021 ж. 606 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930