«АҚ ХАЛАТ ПЕН АҚ ПЕЙІЛ, АДАЛ ЖҮРЕК» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Бүгін Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ақ халат пен ақ пейіл, адал жүрек» атты салтанатты шараға қатысып, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Салтанатты шараға, Шиелі аудандық мәслихатының депутаты, Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері Н.Әмір, БАҚ өкілдері, зиялы қауым өкілдері мен дәрігерлер қатысты.
Жерлесіміз академик, ғалым, Шиелі ауданының құрметті азаматы Асқар Жұмаділдаев: «Дүниеде екі ұлы кәсіп иелері бар, бірі – ұстаз болса, екіншісі – дәрігер» деген еді. Бұл маманның бірі адамның жанын, рухын емдесе, екіншісі адамның тәнін сауықтырып, деніне қуат береді, деген еді.
Бүгінгі бұл мереке – адам жанына араша болып, шексіз құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде де сенімнің үдесінен шыға білген, асқан шеберліктің иесі дәрігерлердің ғана емес, барша халықтың мерекесі. Себебі әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ екені белгілі. Сіздердің көмектеріңізбен тоқтаған жүректер қайта соғып, үзілген үміттер қайта жалғанады.
Дені сау, салауатты ұлт қана болашақтың бағбанына айналып, тәуелсіз еліміздің елдігін сақтайды. Ұлт саулығы, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды. Шиелі ауданында да денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып келеді. Емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.
Қазіргі таңда, Шиелі ауданы бойынша 1 аудандық аурухана, 3 ауылдық аурухана, (Көкшоқы, Бәйгеқұм, Сұлутөбе), 1 аудандық емхана, 1 ауылдық емхана (Көкшоқы), 1 жалпы тәжірибелік бөлім, 19 дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық бекет, 3 фельдшерлік - акушерлік бекет қызмет көрсетеді.
Амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша барлығы 182 дәрігер, 852 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды. Олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді.