Қазақстандық тұтқынның суреттері халықаралық аукциондарға шықты
Маңғыстау облысында түрмелердің біріндегі тұтқын Леон Вилдановтың картиналары халықаралық аукциондарда мың евродан сатылады. "Хабар-24" телеарнасы ерекше тұтқын туралы сюжет түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ер адамның таланты күтпеген жерден оянған. Леон сурет сала алатынын және бұл істі жақсы көретінін түрмеге түскенде түсінген. Ол алғашқы суретін арт-терапия кезінде салған. Содан бері сурет салуды тоқтатқан емес.
Түрмеде отырған екі жыл ішінде тұтқын 20-дан аса сурет салған. Таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін Леон асханада аспаздың көмекшісі болып жұмыс істейді.
Тергеу изоляторының басшылығы айыпталушының өнерін байқап, оны дамыту үшін көмектесуі ұйғарған. Қазір Леонның алты картинасы халықаралық аукцион интернет-алаңдарының бірне қойылған.
Телеарна мәліметі бойынша, Леон есірткі сатқаны үшін жазасын өтеп жатыр. Бес жылға сотталған. Жақсы мінез-құлық үшін ол мерзімінен бұрын босатылады. Екі аптадан кейін суретші үйіне шығарылады. Онда оны анасы мен әпкесі күтіп отыр, дейді тілшілер.

"Мен аукцион туралы бұрын білмедім, тек теледидардан естігенмін. Олар бәрін өздері ұйымдастырады, мен тек сурет саламын. Аукциондардан түскен ақша адамдарға пайда әкелгенін қалаймын. Мен үшін сурет салу - бұл ішкі сезімдерді білдіру мүмкіндігі, бұл көп қырлы нәрсе. Бұл өмір сүріп жатқан сәт сияқты ерекше", - дейді Вилданов.Леон суреттерінен түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсайды. Жас суретші жергілікті аукционнан түскен алғашқы кірісін көпбалалы отбасына жіберген.