ВАКЦИНАЦИЯ – ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІ ЖЕҢУДІҢ ЖОЛЫ
Бүгінгі ақпарат айдынында ең көп жазылып, таралатын жаңалықтар пандемияның себебімен медицина туралы болып отыр. Ресейлік екпемен жаппай егуді бастап, өз екпесін жақында іске қосқан Қазақстанда бүгінге дейін вакцина алғандар саны 1 400 000 адамға жетті.
19 млн-ға жуық халықтың 325 500-і ауру жұқтырды. Соның ішінде 3717 адам дертті жеңе алмай көз жұмды. Қалғандары емделіп шықты және қазір ем қабылдауда. Әзірге жұқпалы дертті жеңіп, маскасын шешкен Израиль халқы болып тұр. 80 пайыз халық вакцина салдырып, маскалық режимді алып тастады. Ал, Шиелі ауданы бойынша екпе қабылдаған 3000-нан астам адамның ешбірінен екпенің кері әсері байқалмаған. Сондықтан, екпеден үркудің қажеті жоқ дейді, бас дәрігер Н.Әмір.
Халыққа ақпарат таратын журналист ретінде, біздің "Өскен өңір" ұжымының тілшілері де ерікті түрде екпе салдырды. Бұл жолы Ресейдің емес, Арабтың HayatVax екпесін ектіргеннің бірімін!