Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ЖАРҚЫРАҒАН ЖҰЛДЫЗ

ЖАРҚЫРАҒАН ЖҰЛДЫЗ

Бүгінде әлеуметтік желінің табыс көзіне айналғаны рас. Оған дәлел ретінде елімізде өз блогын жүргізіп, инста әлемде отандық блогерлердің күн санап артып келе жатқанын айтуға болады.Тіпті ешқандай қызметте жүрмей-ақ көпшілікке танылып кетуге мүмкіндік көп.

Иә, әлем желі табыс көзін тапқанға кәсіп болуда. Олардың ішінде инстаграмды табыс көзіне айналдырып, қыруар қаржы тауып отырған жас блогерлер де көп. Интернетті игілік көзіне айналдырып отырған аудандағы танымал блогерлердің бірі – Жұлдыз Мақсатқызы.  
Жұлдыз инстаграм желісіне «shokolladka_» атауымен тіркелген тұрақты қолданушы. Бүгінде оның парақшасына 33 мыңнан астам оқырман жазылған. Қызық та құпиясы мол әлемге алғаш қалай еніп кеткені жайында Жұлдыз былай дейді:   
– Осыдан екі жыл бұрын мектеп оқушысы болдым. Сол кезде қарапайым суреттерді инста парақшама жүктеп жүрдім. Кейін лайфкахтармен фото түсіріп, видео өңдеп, қызықты идеялармен оқырмандарымды көбейте бастадым. Парақшама жүктелген бейнебаяндарым көп қаралым жинап, аз уақыттың ішінде танымал бола бастадым. Өзіммен қатарлас жастарға көңіл-күй сыйлау арқылы шабыттанамын. Сондықтан сүйікті ісім арқылы көпшілікке танылғанымның еш әбестігі жоқ деп ойлаймын. Қолынан іс келетін кез-келген жастың блог жүргізіп, одан табыс табуына керемет мүмкіндік бар. Бұл көптеген оқырманның сынына шыдас беріп, оны елемей, тек қана алға ұмтылатын блогерлердің қолынан келетін шаруа деп ойлаймын. 
Қазір Жұлдыздың негізгі табыс көзі – инстаграм арқылы жарнама жасау. «Егер торт пісіріп, киім тіксеңіз немесе киім-кешек сататын дүкен ашсаңыз, қолыңыздан келетін қандай да өнеріңіз болса, оны инста парақша арқылы көрсетіп, тұтынушыға ұсынып, табыс таба аласыз. Сондай-ақ, жарнама жасау, жастарға арналған шеберлік сағаттарын, курстар, марафондарды ақылы өткізуге болады», – дейді ол.
Жұлдыз Мақсатқызының айтуынша, бүгінде инста парақшада бәсекелестік өте жоғары. Бірақ, блогердің сөзіне сүйенсек, осы саладағы әрбір блогердің өз жолы, өз бағыты болады.
«Бірақ мен бәсекелестерім жоқ деп санаймын. Себебі ауданымызда блогерлікке нақты келген жандар аз. Сондықтан болар, бәсекелестіктен қопықпаймын». Блогер болу үшін табандылық қажет. Менің блогер болуым үшін 2 жыл уақытым кетті», – дейді Жұлдыз Мақсатқызы.
Шынымен де, блогер болу оңай емес. Күн сайын бос уақытыңызды блог жүргізуге арнап, үнемі пост (тақырыпқа сай мәтін» жазып тұру қажет. Оқырман пікірлеріне белсенді жауап беруді, пікір таластыруды, жекеге келген хаттарға жауап қатып, әрдайым жан-жақты ізденуді талап етеді. Ауданда инста парақшасын дамытып, жастарға ерекше көңіл-күй сыйлап жүрген Жұлдыздың бұл ісі бізді қуантып отыр. Алдағы уақытта жас блогердің әрбір ісіне сәттілік тілеп, жұмысына жеміс тілейміз.

Сымбат Серікқызы
13 сәуір 2021 ж. 87 0

Соңғы жаңалықтар

Солақайды сынама!

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

Қоғам

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (8900)

12 маусым 2021 ж.

№45 (8899)

08 маусым 2021 ж.

№44 (8898)

05 маусым 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам