ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасы өткізіліп жатыр.
Алғашқы сайыс - гандболдан "Ұшқыр доп" жарысы Сыр өңірінде бастау алды. Сайыста Алматы мен Шымкент қалалары, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстарының оқушылары өзара бақ сынасады.
Лиганың салтанатты ашылу рәсіміне Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директорының орынбасары Сағдат Кәбірұлы Садықов, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысы Ақзира Бақтыбайқызы Қасымова, Төрт дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, әлемнің төрт дүркін ең үздік ауыр атлеті Илья Александрович Ильин, Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Әбдімәлікұлы Оспанов қатысты.
«Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылуымен құттықтаймын! Лига ауыл-аймақтардағы жас дарындарды табуға әрі тануға мүмкіндік беретін бірегей спорт бәсекесі, балаларды додаға дайындаған ұстаздардың мерейін асыратын сайыс алаңы. «Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» дегендей, барлық баланың асқақ арманына қанат бітіріп, спорттық жетістіктерге талпынысын қолдау - біздің басты мақсатымыз. Саналы да салауатты ұрпағымызды тәрбиелеуге үлес қосып жүрген ұстаздарымыздың еселі еңбегі үшін мың алғыс! Сондай-ақ, Лиганы өткізуге, оқушылардың қатысуына ықпал еткен жергілікті Білім басқармаларының басшылары мен мектеп директорларына да алғыс айтамын»,-деді «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры Тастанбек Құтжанұлы өз құттықтауында.
Лига аясындағы жарыстар Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Щучье, Алматы, Семей, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Павлодар, Орал қалаларында өтеді.
Лига «Алтын доп» (баскетбол), «Шұбар доп» (волейбол), «Ұшқыр доп» (гандбол), «Теңбіл доп» (футзал), «Былғары доп» (футбол), «Былғары доп - Балдаурен» (футбол), Асық ату, бес асық, Президенттік тестілер, Үстел теннисі, Тоғызқұмалақ жарыстарынан тұрады. Лигаға 5-6, 7-8, 9-11 сыныптардың оқушылары қатысады, дүбірлі дода 4 сәуірден бастап маусымның аяғына дейін жалғасады.
Жалпы Ұлттық мектеп лигасы 4 кезеңнен тұрады: қыркүйек-қазан айларында мектепішілік іріктеу кезеңі, қазан-сәуірде аудандық (қалалық); сәуірде облыстық; сәуір-маусымда республикалық кезең ұйымдастырылады. Ұлттық мектеп лигасы 2014 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.
Жобаның мақсаты - білім беру ұйымдарының білім алушыларын спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Лига жарыстары барысында ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде қоғам өміріне белсене атсалысатын көшбасшыларды,
дарынды балаларды топтастыру және жас спортшылардың ортасын құру, мектеп спортын бұқаралық сипатта дамыту көзделеді.