Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістанда жас кәсіпкерлерге арналған жоба іске қосылды

Түркістанда жас кәсіпкерлерге арналған жоба іске қосылды

Ерекше форматтағы жаңа бастаманың мақсаты – инвесторлардың көмегімен өңірдегі шағын бизнес өкілдері мен «Бастау бизнес» бағдарламасының түлектеріне қолдау көрсету. Жас кәсіпкерлердің түрлі бағыттағы жобалары мен бизнес-идеяларын жүзеге асыру. Сол арқылы өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен телевизиялық жобаның алғашқы түсірілімінде жас кәсіпкерлер бизнес мэтрлердің алдында өз жобаларын қорғады. Өңдеу өнеркәсібі, тамақ және ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және туризм саласындағы 60-қа жуық жоба таныстырылды. Іріктеуден өткендерге инвесторлар қаржы құйып, кәсіпті жүргізудің жолын үйретеді. Осылайша инвесторлар мен қатысушылар арасында 98 млн теңгенің 9 жобасын бірлесіп жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды. Ерсұлтан Әбдіраман, жас кәсіпкер: - Қазіргі таңда микрогрин өнімінің 20 жуық түрін өсіріп жатырмыз. Оның ішінде бәрі біздің мейрамханаларда тұтынатын өнімдер. Негізінен Шымкент қаласы, Түркістан енді дамып, біздің өнімге сұраныс жасап жатыр. Менің жобамның ең бірінші тиімділігі 100 пайыз табиғи өнім. Ешқандай биологиялық, активті қоспасы жоқ.

24.kz
27 ақпан 2021 ж. 497 0