Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысына инвестиция тарту 27 пайызға артығымен орындалған

Қызылорда облысына инвестиция тарту 27 пайызға артығымен орындалған

Қызылорда облысына инвестиция тарту өткен жылы белгіленген межеден 27 пайызға өскен. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
«Облыс экономикасындағы кейбір көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан Үкіметпен жасалған Меморандум бойынша өңірге инвестиция тарту 230 млрд. теңге болып белгіленсе, біз көрсеткішті 27 пайызға артығымен орындап, 292 млрд. теңгеге жеткіздік», – деді Г.Наушақызы.
Сондай-ақ, өңірде тұрғын үй салу көрсеткіші де артқан. Мәселен, өткен жылы тұрғын үй салу жоспары 591 мың шаршы метр болса, бұл көрсеткішті 609 мың шаршы метр өсіммен орындалған.
Бұдан бөлек, облыста өнеркәсіп өнімін өндіру 13,3%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс 5,7%-ға, құрылыс 27,0%-ға, инвестициялар 26%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 20%-ға төмендеген.
17 ақпан 2021 ж. 680 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930