Қызылорда облысының экономикалық күрделі жағдайын жақсартуға 110 жоба ұсынылып отыр
Сыр өңірінде кен орындарының сарқылуына байланысты жаңадан жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
Жасыратыны жоқ, өңір экономикасының негізгі проблемасы кен орындарының сарқылуы болып отыр. 2020 жылы мұнай өндіру көлемі 17,3 пайызға (960 мың тоннаға) азайса, ағымдағы жылы тағы 10,5 пайызға (500 мың тоннаға) қысқарады деп болжануда.
Ал, өңірде уран өндіру көлемінің 20 пайызға төмендеуі өнеркәсіптік өнім өндіру мен қайта өңдеу көрсеткішіне теріс әсер етті. Осының салдарынан құрамында уран бар шикізатты қайта өңдеу көлемі 28%-ға қысқарған.

«Мұнай мен уран өндірісінің төмендеу салдарын азайту үшін облыста кешенді шаралар қабылдануда. 2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының экономикалық күрделі жағдайын ескеріп, Үкіметке қолдау көрсетуді тапсырды. Осыған орай, біз өз тарапымыздан республикалық бюджеттен қаржылық қолдауды қажет ететін 110 жобаны әзірлеп, ұсындық», – деді бұл туралы өңір басшысы.