Мұнай қоры тартылып барады
«Сыр өңіріндегі қазба байлықтардың ең негізгісі – мұнай мен уран. Соңғы жылдары осы қазба байлықтарының қоры тартылып бара жатқаны байқалады» – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Qazaqstan» ұлттық арнасы «Апта» бағдарламасында берген сұқбатында.
Өткен жұмада облыс әкімі Г.Наушақызы Нұр-Сұлтан қаласына іс-сапармен барып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қабылдауында болды. Онда Сыр өңірінде атқарылған 9 айдағы толымды істерді тарқатқаны мағлұм. Сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық арнасында Қызылорда облысының тыныс-тіршілігін сараптап, сұқбат берді. Облыс басшысы 2023 жылға дейінгі Сыр өңірінің экономикалық даму жоспарын әзірлегенін айтты. Онда экономиканың түрлі салалары бойынша құны 271 миллиард теңге болатын 265 жобаны іске асыру қарастырылған. Аталған жобалар жүзеге асса, 4610 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Ал биылғы жылы 110 жоба қолға алынып жатқанын тілге тиек еткен Г.Наушақызы алдағы уақытта 2000 жұмыс орны ашылатынын жеткізді.

Жан біткенді әбігерге салған пандемиямен қатар мұнай бағасының төмендеуі де сырбойылықтардың экономикасына кері әсерін тигізбей қоймады. Себебі Сыр өңіріндегі қазба байлық пен өндіріс көзі болып табылатын мұнай мен уранның да қоры жыл санап кеміп барады. 2011 жылы Қызылорда облысында 11 млн тонна мұнай өндірілсе, өткен жылы 5,6 млн тонна мұнай өндірілген. 8 жылда 2 есеге төмендеген мұнай қоры биылғы жылы 4,2 млн тоннаға ғана жетіп отыр. Елдегі ахуалға елеңдеген облыс басшысы Г.Әбдіқалықова Ұлттық арнада берген сұқбаты барысында азық-түлік өнімдерін өзіміздің өңірде өндіруді жоспарлап жатқанын айтты. «Мәселен, сырбойылықтар сүт өнімдерін өндіруге, балмұздақ шығаруға қауқарлы. Тек сұраныс пен өндіріс арасында баланс жоқ» деді ол. Расында, облыс басшысы ұсынған сүт өнімдерін өндіруді бір жолға қоюға шамамыз жетеді. Бұл жолда Шиелі ауданындағы «Ару-Ана» шұбат өндіру цехы жұмыс істеуде. Тіпті түйе сүтінен балмұздақ жасауды да бастап кетті.
Биыл егіншілер су тапшылығын көргенімен облыс бойынша күріштің жалпы көлемі 551,3 мың тоннаға жетті. Бұл әрбір гектардан 61,8 центнер алынып, жоғары көрсеткішке қол жеткізгенінің дәлелі.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ