Қызылорда облысының әкімі тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы тағайындалды.
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген.
1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас инспекторы, бухгалтерлік есеп және бақылау бөлімінің бастығы, тексеру комиссиясы бөлімінен бастаған жаңа аймақ басшысы мемлекеттің қызметтің түрлі сатысынан өтіп, басшылық қызметте өзінің ерекше қырынан көріне білді. Соның нәтижесінде 2014 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.
Ал 2019 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы қызметін адал атқарды.
2019 жылдың тамызынан бастап-VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болды.