Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық ойыннан сайыс

Ұлттық ойыннан сайыс


2021 жылдың 12 ақпанында «Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы» музейі ауласында «Қазақстан – спорттық ұлт» атты дойбы ойнау­дан және қол күрестен сайыс өтті.
Сайыс жұртшылықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмірдің кілті спортта екенін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Дойбы ойнау сайысына ауданның «Құрметті азаматы» Н.Палымбет, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Г.Махан, Иіркөл ауылдық округінің әкімі О.Ержан, бас мамандар М.Ақжанов, М.Садуақасов, Ы.Жақаев ауылының ақсақалдары Қ.Жұмабеков, Ө.Жұмабеков, К.Ержан қатысып, дойбы ойнаудағы шеберліктерін, ұшқыр ойларын, ептіліктерін ойын барысында көрсете білді. Ал, қазақтың ұлттық спорт түрі – қол күресі сайысында ауыл тұрғындары А.Бегманова мен А.Базарқұлов өз дәрежесінде білек күштерінің қарымдылығын көрсетіп, нәтижесінде екі ойыншыда тең түсті. Ұлттық мерекелер мен түрлі жиын – тойлардың көркі болған білектілер сайы­сы бүгінде бұқаралық сипат алды. ­Сайыс соңында жеңімпаздарды «Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы» музейінің директоры Қ.Ыханова алғыс хаттармен марапаттады.

Ақбота БАЯНБАЙ
13 ақпан 2021 ж. 608 0