Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық түлекті 2 шетелдік университет оқуға шақырды

Қызылордалық түлекті 2 шетелдік университет оқуға шақырды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Медина Нарманова Америкадағы екі университетте білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Атап айтқанда, жас зияткер әлемдегі топ ЖОО қатарына енетін — Алабама Университетінің президенті тағайындаған 100 % оқу грантын иеленді.
Сондай-ақ, Иллинойс Институты де түлегімізге 50 % оқу гранты мен стипендия беруге дайын екендіктерін жеткізді. Бұл қос білім ордасында «Бизнес менеджмент» мамандығы бойынша оқуға құжат тапсырған Медина алдағы уақытта тағы 5 жерден жауап күтіп отыр екен.
Айта кетейік, биыл мектептен 95 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Бүгінде олар қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының конкурстық іріктеуіне құжат тапсырып, бақтарын сынауда.





10 ақпан 2021 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031