Үш жақты келісім жұмысшының құқығын қорғайды
20 қаңтар күні Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде Шиелі ауданы әкімдігі мен жұмыс беруші ірі кәсіпорындар және шаруа қожалықтары арасындағы өзара ынтымақтастық кездесу өтті. Алдымен аудан әкімі Қ.Мүбараков сөз алып, ынтымақтастық меморандумының басты мақсатын айтты. Сондай-ақ ауданда инвестициялық жобаларды дамытуға арналған және өзара ынтымақтастықты ілгерлетуге бағытталған шара жұмысына сәттілік тіледі.
Түрлі кәсіпорын мен компания басшылары және уран саласының мамандары мен жергілікті БАҚ өкілдері бас қосқан форумда жұмыскерелердің жұмыспен қамтылуы, өндіріс уақытша тоқтаған жағдайда ҚР еңбек заңдарында көзделген әлеуметтік қамсыздандыру шараларын қабылдау секілді мәселелер күн тәртібіне қойылды. Сонымен бірге тең құқық және өзара әріптестік қағидасын басшылыққа ала отырып, өнеркәсіп саласындағы жобаларды дамыту, ауданға инвестиция тарту секілді мәселелер де талқыланды.

Шараның басты жаңалығы жұмыс берушілер, кәсіподақ және аудан әкімдігі арасында өндірістік жүйені реттеу мақсатында жасалынған өзара түсіністік меморандумы болды. Үш жақты келісімшартқа аудандағы 10-нан астам ірі кәсіпорын басшылары қол қойды. Құжат өндірістегі тұрақтылықты қамтамасыз ету, еңбек заңын сақтау, жұмысшыларды еңбекпен қамтуды міндеттейді.
Меморандумға сәйес жұмыс беруші өндіріс көлемі немесе жұмысшыны қысқартқанда кәсіподақпен келісе отырып, толық емес жұмыс уақытына көшуді, жұмыс орнын қысқартпауды ойлауы тиіс. Ал қаржылық немесе өндірістік дағдарыс кезінде жұмысшыларды әлеуметтік тұрғыда қорғауға міндетті. Аудандық әкімдік болса меморандумға қол қоя отырып, кәсіпорында туындаған мәселелерді бірлесе шешуге, өндірістің дамуына оңтайлы орта қалыптастыруға, инвестиция тартуға міндеттеледі. Үшінші тарап – кәсіподақ пен әлеуметтік еңбек дауын тудырмаудың алдын алу, еңбек ұжымдарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді мойнына алды. Алдағы уақытта келісімшартқа байланысты жұмысшыларды ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына ұсынатын болады. Меморандумның басты мақсаты – жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын, еңбек құқықтары мен кепілдіктерін сақтау және өндірістің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, экономикалық, ғылыми, технологиялық, қаржылық және ынтымақтастықтың басқа да аспектілерін белсенді кеңейту болып табылады. Бұл меморандум ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етері сөзсіз.
Шапағат Тілеубаев