Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік мәслихат хатшысы

Үздік мәслихат хатшысы

Қазақстандағы үздік мәслихат хатшылары анықталды. Депутаттарға арналған «Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2020 жылы жүргізген талдау қорытындысы негізінде үздіктер рейтінгісі шықты. Бұл үздіктер қатарында аудандық мәслихат хатшысы Болат Сыздық та бар.
Республика бойынша «Үздік мәслихат хатшысы – 2020» медаліне 1 облыс, 1 қала, 10 аудандық деңгейдегі мәслихат хатшылары лайық деп танылған. Айта кетейік, республика бойынша мандатқа ие 3470 депутаттың арасында 228 мәслихат хатшысы қызмет етеді. Міне, көрсетілген осы цифрдың ішінен тек 12-і үздіктер қатарынан қара көрсетті. Ел алдында еңбек ету үлкен жауапкершілікті жүктейтіні жасырын емес. Сол секілді мәслихат хатшыларының қоғамда алар орны бөлек. Халықтың әлеуметтік ахуалын елеп ескеру, халық арасындағы алтын көпірдің үзілмеуіне мән беру сынды маңызды мәселелер олар үшін маңызды. Аудандық деңгейдегі үздік ондықтың ортасынан Қызылорда облысы бойынша қара көрсеткен ­Болат Мүбәрәкұлына еңбегіңіз еселене берсін демекпіз!

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ
21 желтоқсан 2020 ж. 472 0