Электронды үкімет. Бюджет. Табиғат
Сәрсенбі күні аудандық ардагерлер үйінде қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиналысқа кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты. Онда күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды. Әуелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жыл басынан бергі атқарған жұмысы талқыланды. Одан соң табиғат байлықтарын күзету және қорғау аясындағы тіршіліктің тынысымен таныстырды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу барысын көрсетті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жакеев «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет» және «2021-2023 жылдарға арналған бюджет туралы» баяндама жасады. Тышқан жылы табалдырықтан аттағалы ел басынан үлкен сынақ өтті. Әлемдік пандемия барлық саланың жұмысын тұралатып, көптеген өзгерістердің орын алуына тура келді. Сындарлы шақтан ес жиып, етек жинағанша жылдың соңы да таяды. Ал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2021 жылға арналған аудандық бюджет шығындарының жалпы көрсеткішін анықтап берді. Оның нақты көлемі 3 млрд 443 млн 440 мың теңгені құрайды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жакеев «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет» және «2021-2023 жылдарға арналған бюджет туралы» баяндама жасады. Тышқан жылы табалдырықтан аттағалы ел басынан үлкен сынақ өтті. Әлемдік пандемия барлық саланың жұмысын тұралатып, көптеген өзгерістердің орын алуына тура келді. Сындарлы шақтан ес жиып, етек жинағанша жылдың соңы да таяды. Ал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2021 жылға арналған аудандық бюджет шығындарының жалпы көрсеткішін анықтап берді. Оның нақты көлемі 3 млрд 443 млн 440 мың теңгені құрайды.
– Аудан экономикасы барлық саланың күретамыры саналады. Сондықтан алдағы жылға нақты жоспар құрып, қаржы мәселесін нақтылау өте маңызды. 2021 жылға аудандық бюджет есебінен мәслихат қызметін қамтамасыз етуге 27 млн 480 мың, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 283 млн 821 мың теңге, ауыл шаруашылығы бөліміне 27 млн 442 мың теңге, Жер қатынастары бөліміне 22 млн 952 мың теңге, құрылыс бөліміне 29 млн 942 мың теңге қаржы қаралатын болады. Осы секілді барлық саланың қаржысы қаралып, жұмыс ауқымы нақтылануда, – деді Д.Жакеев.
Шиелі ауданындағы Қоғамдық кеңес өткір мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Отырыс барысында әр мекеменің 11 айдағы жұмыс жоспарының жүзеге асырылуы назарға алынды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау турасындағы жұмыстардың жүзеге асу барысы. Аталған мемлекеттік мекеме 3 орманшылыққа бөлінген. Комиссия мүшелері Т.Бабасов, Ә.Алдияров және Н.Пірімбет, Х.Чолондуров Шиелі орманшылығынан бастап, Жөлек, Қызылқұм орманшылықтарының жұмысымен танысты. Мекеме директоры Ж.Алиевтың мәліметіне сүйенсек, Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің орман қоры жер көлемі 1079170 гектар. Оның ішінде орманды алқап 445827 гектарды құрайды. Мекеме бойынша 2020 жылы орман көлемін арттыру мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға орман қоры 200 га жерге 108000 дана сексеуіл ағашын отырғызған. Сонымен қатар 2 га жерге 416 дана алма көшеті егілді. Ал күз айларында 6500 кг сексеуіл тұқымы жиналып, 1000 га жерге сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізілген.
Одан әрі Жөлек орманшылығы жеріне биылғы жылы 1 гектарға 40 мың дана мектеп бөлімшесі қаламшадан отырғызған. Оның ішінде терек, тал, жиде, қына, 0,3 га жерге үйеңкі, шаған тұқымдары себілген. Сонымен қатар мекемеге қарасты уақытша тұқым бағынан 90770 дана көшет қазылып, 81 мың дана сексеуіл екпе орманға жұмсалған. Ал аудан көлемінде 8770 дана саялы ағаш көшеттері сатылды. 1000 данасы аудан мекемелеріне ағаш отырғызу акцияларына таратылып берілген. Мұнымен қоса биылғы жылы мекеме когалдандыру жұмыстары бойынша 7 миллион қаржыға қол жеткізіп, Әбдікаримов пен Яссауи көшелері бойына 3 мыңға тарта әртүрлі саялы ағаштар отырғызған.
Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 77 қызметкер жұмыс ісейді. Олар үшін ең қауіптісі тілсіз жау, яғни өрттің шығуы. Жыл басынан бері мемлекеттік орман қоры жерінде 5 өрт фактісі тіркелген. Жалпы өрт шалған алқап 24,6 га, оның ішінде орманды алқап 707 га болса, ормансызы 16,94 га. Осындай тілсіз жаудың тұтанулары табиғатқа залалын тигізіп, 8037,7 мың теңге шығын әкелді. Орын алған жағдайдың мән жайын анықтап, өрттің шығуына кінәлі 3 тұлға анықталып, табиғатқа келген шығын өндірілген.
– Айта кетейік, осындай жайсыз жағдайлардың орын алуы көбіне адамдардың жауапсыздығынан туындап жатады. Табиғат аясына шыққан адамдар қауіпсіздік шараларын ескермейді. Бұл бағытта мемлекеттік мекеме тарапынан жыл басынан бері аудандық «Өскен өңір» газетіне 3 рет «Өртті болдырмау және алдын алу жолдары» атты мақалалар жарық көрген. Табиғатты аялау, орманды қорғау, жан-жануарлардың жойылуын болдырмау мақсатында әлі де болса ақпараттандыру жұмыстарын күшейту қажет. Аудандық басылыммен тығыз қарым-қатынас орнатып, заңсыз аң аулау сынды істерге айыппұл төленетіндігін жиі ескертіп отыру қажет, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы П.Архабаев отырыс барысында.
Одан әрі аудан әкімдігінің ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және есеп бөлімінің басшысы С.Кенжесариев көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы сөз қозғады. «2020 жылдың 11 айында 28153 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 4599-ы мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер болса, 12283-і мемлекеттік органдармен қағаз түрінде көрсетілген қызметтер. Елдегі ахуалға байланысты биылғы жылы көптеген қызметтер электронды түрде жүзеге асуда. Мәселен, биылғы жылы «электронды үкімет» веб-порталы арқылы 11271 қызмет түрі көрсетілді. «Электронды үкімет» веб-порталынан қызмет алудың тиімділігін халыққа кеңінен насихаттау, «Telegram-Bot», «Egov mobile» қосымшаларымен қызмет алу жолдарын осы кезге дейін 2723 адамға үйреттік. Айта кеткен жөн жұмыс сапасын арттыру мақсатында биылғы жылы «Мемлекеттік корпорациямен» бірігіп 4 дөңгелек үстел ұйымдастырдық» деді С.Кенжесариев.
Сонымен қатар қоғамдық кеңес отырысында аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбет аудан әкімінің орынбасары А.Жандарбековке және мәслихат хатшысы Б.Сыздыққа, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратоваға аудандағы 13 дербес бөлім және мекемелерге 2021 жылдың ақпараттық саясатын жүргізу мақсатында мекемелермен екеуара қаржы қарастыру мәселесін ұсынды. Айтылған мәселені қоғамдық кеңес дұрыс деп тауып, қолдау танытты. Себебі аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы жүргізіліп жатқан ақпараттық саясат республикалық және облыстық телеарналарды ғана қамтыған. Ұсыныс барысында аудандық басылымның басшысы жергілікті басылымдарға қаржы қарастырылмағанын алға тартты.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ