Конституция
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік студент – 2020

Үздік студент – 2020

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында шығармашылық қырынан танылып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенті Дамир Баянбаев облыстың «Үздік студенті» атанды.
№49 орта мектептің түлегі Дамир Баянбаев қазір Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің 3 курс студенті. Мамандығы – Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар, біліктілігі – техник-механик.
Жас болса да бас болып жүрген Дамир ШИАК колледжінде «Ашық жүрек» еріктілер тобын құрып, жас­тар жылында түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, былтыр аудан әкімінің «Серпін» жастар сыйлығының иегері атанған. Дарынды студент бұған дейін де түрлі аудандық, облыстық жарыстарда жетістіктерге жетіп, жүлделі болған. Жүлделерінің ішіндегі төресі Республикалық «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстанның үздік 100 студентті анықтау байқауында «Жылдың үздік студенті» кітабына енген, «Жылдың үздік студенті – 2020» диплом марапаты мен төсбелгісі. Алайда карантиндік жағдайға байланысты құттықтау сәт онлайн режимінде өтіп, пошта қызметі арқылы табысталды.

Ақбота МҰРАТҚЫЗЫ
01 желтоқсан 2020 ж. 744 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9415).

27 маусым 2026 ж.

№47 (9414)

23 маусым 2026 ж.

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930