Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Студент жетістігі – ұстаз мерейі

Студент жетістігі – ұстаз мерейі


Иә, бүгінгі студент ертеңгі маман. Студенттік кезден-ақ өздерінің теориялық білімін практика жүзінде сабақтастыра отырып, білімі мен біліктілігін, салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорттық жетістіктерге аудан, облыс, республика көлемінде жетістікке жетіп жүрген шәкірттеріміз баршылық.Осы орайда жуырда ғана Түркістан облысында өткізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген «Сүйілшіл батырды» еске алуға арналған таеквандодан балалар, кадеттер және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының ашық турнирінде 73 кг салмақ дәрежесінде Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің №13 «Ұсату қондырғысының машинисі» оқу тобының 2 курс студенті Еркебұлан Сариев 3 орын иеленді.
«Өнер де, спорт та – ел кеніші» дегендей, колледжде өнерлі студенттер де қолөнер бұйымдарымен, көркемсурет өнерімен халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленуде. Соның бірі 2019 жылдың 26 наурызында Қызылорда қаласында өткізілген «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығына орай «Мәңгілік ел, Қазақстаным» атты жасөспірімдер фестивалінде қолөнер, көркемсурет көрмесінде І орынды №18 «Аспаз» оқу тобының І курс студенті Жарқынай Таханова иеленді. Жарқынай Алматы және Дубай қалаларында өткізілетін халықаралық өнер фестиваліне және ғылыми конференциясына шақырту алды.
Колледж басшысы М.Дүйсенов инженер-педагогтар мен студенттер арасында жеңімпаздарды марапаттап, спортта және өнер саласында әлі де талай асуларды бағындыратынына сенім білдіретіндігін айтты.


Е.ДАТКЕНОВ.
30 наурыз 2019 ж. 1 189 0