Қызылордада 243 мектептің оқушылары қашықтан оқиды
Жаңа оқу жылында өңірдегі 243 мектеп қашықтан, қалған шалғай орналасқан және шағын жинақты 50 мектеп санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі түрде оқытылады.
“Жұмыспен қамту жол картасы” шеңберінде республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге бөлініп, облыстағы 52 білім нысаны жөнделіп жатыр.
Қазіргі уақытта дейін Қызылорда облысында биыл 1-сыныпқа баратын 16207 баланың құжаты қабылданған. Білім басқармасының ақпараттық анализі бойынша биыл 1-сыныпқа 19 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды.
Биыл балаларды 1-сыныпқа қабылдауда ата-аналар мектепке балалардың құжаттарын екі түрлі жолмен өткізе алады. Медициналық анықтамалар уақытша талап етілмейді. Құжаттар қағаз жүзінде мектепке тапсырылады, онлайн Еgov порталы арқылы іске асады. Құжат қабылдауда ата-аналардан тек төрт құжат талап етіледі. Олар:
– ата-ананың немесе заңды өкілдерінің өтініші;
– баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
– “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысаны;
– 3х4 көлеміндегі фото.
Айта кетсек, Қызылорда облысында 293 мектеп бар. Білім беру ұйымдарында 21 мыңнан аса педагог қызмет етеді.
https://baribar.kz/135016/qyzylordada-243-mekteptinh-oqushylary-qashyqtan-oqidy/