Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдерге дәптер тексергені үшін төленетін үстемақы 2 есе артады

Мұғалімдерге дәптер тексергені үшін төленетін үстемақы 2 есе артады

2020 жылдың қыркүйегінен бастап мұғалімдерге дәптер тексергені және класқа жетекшілік еткені үшін төленетін үстемақы көлемі екі есе артады.
Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР “Педагог мәртебесі туралы” Заңына сәйкес, 2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтардың лауазымдық жалақылары 25% көбейді.
Педагогтардаң лауазымдық жалақылары жыл сайын 25% өсіп отырады және 4 жылдың ішінде олардың еңбекақылары екі есе артады.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексергені және класқа жетекшілік еткені үшін төленетін үстемақы көлемі екі есе артады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 айлық есептік көрсеткіш (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Одан бөлек бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.
https://baribar.kz/135042/mughalimderge-dapter-teksergeni-ushin-toelenetin-ustemaqy-2-ese-artady/​​​
29 шілде 2020 ж. 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031