Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

БІР РЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

Елде алғаш карантин жарияланған наурыз-мамыр айларында мұқтаж отбасыларға Ағымдағы жалпы сомасы 13,5 млрд теңгеге қажетті азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар таратылған болатын.
Қазір де індеттің өршуіне байланысты тағы да карантин шаралары қабылданды. Соған қарай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды. Табыссыз қалған қазақстандықтарды қолдау үшін жәрдемақылар, біржолғы төлемдер төлеу, оның ішінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар беру қажеттігі айтылды.
Содан соң 14 шілдеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақшалай қаражат төлеуді бас­тауды тапсырған болатын.
Нәтижесінде 1 миллионнан астам қазақстандыққа азық-түлік және тұрмыстық жиынтық үшін төлем беріле бастады. Бұл шешімді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдады. Қазақстандықтар 20 шілдеден бастап айдың соңына дейін банк картасына төлем ала бастайды. Негізінен төлем 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтарға беріледі. Жергілікті әкімшілік қызметкерлері қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін бекітеді. Содан соң шілде айына, мұқтаж жандарға сомасы 2 АЕК мөлшерінде төлем жіберіледі.

Көмекті кімдер ала алады?
Төлемді атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар алуға құқылы.
Айта кетер жайт, коронавирустың таралуын азайту мақсатында сақтық үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықты 2 АЕК мөлшерінде алатындардың банк картасына аударылады.
Бұған дейін хабарланғандай, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында адамдардың тікелей байланысын болдырмау үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар 2 АЕК-тен кем болмайтын мөлшерде, 5300 теңге көлемінде алушылардың банк карталарына аударылады.

Гүлхан ЯХИЯ
21 шілде 2020 ж. 470 0