Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәріні қымбатқа сатқандарға 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынады

Дәріні қымбатқа сатқандарға 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынады

BAQ.KZ. Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандарға 194 460 теңге айыппұл салынады. Бұл туралы Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.

Дәрі-дәрмекті қымбатқа сату бойынша 87020002494 нөміріне 4500-ден астам өтініш келіп түсті. Жасақталған жұмыс топтары 1555 дәріхана мен 102 дәрі қоймасына, 103 аурухана мен емхананы тексерді. Нәтижесінде 200-ге жуық бұзушылық анықталды. Негізгі бұзушылық дәрі-дәрмекті қымбатқа сату бойынша тіркелді, - деді ол.

Ғанижан Асанұлы айтып өткендей, Денсаулық сақтау министрлігі жылына екі рет дәрілердің шекті бағасын бекітеді.

Дәрілерді шекті бағадан асырып сату бұзушылық болып есептеледі. Жақында дәрі-дәрмектің шекті бағасы бекітілді. Азаматтар олардың бағасымен dari.kz мобильді қосымшасы арқылы таныса алады. Кез келген азамат дәрі-дәрмекті қымбатқа сату фактісі туралы сол қосымша арқылы шағымдана алады. Дәрінің бағасын шекті бағадан асырып сатқандарға 70 АЕК немесе 194 460 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.

Ол атап өткендей, барлық өңірде осындай бұзушылық анықталды.

Елордалық дәріханаларда дәрілер 3,1 есе, Ақтөбе, Алматы және ШҚО-да сұранысқа ие препараттардың бағалары 2 есе қымбатқа сатылған. Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылып, барлық тәртіп бұзушы айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды, - деді ол.
17 шілде 2020 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031